Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоныстарыңыз құтты болсын! - АРҚА АЖАРЫ

Қоныстарыңыз құтты болсын!

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зерендіауданына жұмыс сапары барысында көп балалы отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.

Халықтың әлеуметтік осал санатындағы он отбасы, атап айтсақ,көп балалы отбасылар мен жетім балалар көптен күткен жаңа қоныстарына ие болды. Естеріңізге сала кетсек, бұдан былай азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тұрғын үй салудың қажеті жоқ, оны жеке құрылыс компаниялары салған коммерциялық ғимараттардан бюджет қаражатына сатып алуға болады.

– Өз үйіңде тұру – әрбір отбасы үшін үлкен мереке. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлуде. Соңғы бірнеше жылда Ақмола облысында тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 2 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді.  12 мыңға жуық ақмолалық отбасы баспана мәселесін шешті, – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Зеренді ауданына келетін болсақ, мұнда 2021-2023 жылдары 19 мың шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілген.  Бұл тұрғын үйге деген кезекті қысқартуға мүмкіндік берді (облыста алты жүзге жуық адам баспана кезегінде тұр).

Өңір басшысы сондай-ақ, биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және кезекте тұрған басқа да санаттағы ақмолалықтарға 14 көппәтерлі тұрғын үйден (оның ішінде 6көппәтерлі тұрғын үйден– 249 пәтер, 8 несиеге алынатын көппәтерлі тұрғын үйден– 410 пәтер жалға беріледі) 900-ге жуық пәтер беру жоспарланып отырғанын атап өтті.

2012 жылдан бері көпбалалы Ақпаевтар отбасы баспана кезегінде тұр. Алдағы күндері олар Зерендінің орталығынан 3 бөлмелі пәтерге қоныстанады. Онда барлық жұмыстар аяқталып, жиһаздарды орналастырып, жайлы өмір сүруге мол мүмкіндік берілген.

– Ұлым мен келінім және бес немерем үшін өте қуаныштымын. «Осыған дейін Зерендінің шетіндегі бір үйде бәріміз бірге тұрдық. Тар болды, мектеп пен балабақша да алыс. Енді олар орталықта тұратын болады. Балаларымыз да, біз де бақыттымыз, – дейді Иманғали Ақпаев.

Аймақ басшысы тек Ақмола облысынан ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен де мектеп оқушылары жазғы демалысын өткізіп жатқан Зерендідегі «Парус» балалар сауықтыру орталығында болды. «Парус» балалар орталығының жетекшісі Арман Сұлтанов айтқандай, биыл орталықта барлық ережелерге сай жабдықталған би залы бар толыққанды спорт кешені іске қосылатын болады.

Алексей ЧАЙКА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар