Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа пәтер иелерінің қуанышы, жаңа жобалар болашағы - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа пәтер иелерінің қуанышы, жаңа жобалар болашағы

 Көкшетау қаласындағы «Болашақ» сарайында облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Алдымен облыс әкімі Астана күні мерекесіне орай, Көкшетау қаласы бойынша пәтер кезегінде тұрған және көктемгі су тасқынынан үйлері жарамсыз болып қалған бірнеше отбасыларға 1 және 2 бөлмелі пәтерлердің кілтін табыс етіп, жылы лебізін білдірді. Мереке қарсаңында қуанышқа кенелген қала тұрғындары ақжарма лебіздерін білдіріп, облыс әкіміне алғыстарын айтты.   

Осындай қуанышты рәуішпен басталған Қоғамдық кеңестің отырысын өңір басшысы Марат Ахметжанов өзі жүргізіп отырды. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская, облыс әкімінің орынбасарлары, халық қалаулылары, Қоғамдық кеңес мүшелері,  облыстың сала басшылары және өңіріміздің зиялы қауымы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.                                                 

– Алдымен мереке қарсаңында жаңа пәтер иесі атанған Көкшетау қаласының тұрғындарын құттықтап, осы шаңырақтардан шаттық пен мереке үзілмесін деген тілек білдіргім келеді. Қоныс тойы құтты болсын! – дей келіп, өңір басшысы әрі қарай кездесудің мән-мақсатына тоқталып өтті.

Облыс әкімі  өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген маңызды стратегиялық міндеттер мен бағыттарды іске асыру бойынша облыстың экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштерін тарқатып айтып, алдағы уақытта атқарылар қоғамдық маңызы бар бірқатар ірі жобаларды таныстырып өтті.

–Баршаңызға мәлім, облыс еліміздің негізгі аграрлы-индустриялық аймақтарының бірі. Жалпы өткен жыл мен биылғы алты айдың қорытындысы бойынша негізгі экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оң нәтижеге қол жеткізіліп отыр. Мысалы, былтырғы жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда облыстық бюджетке 13 пайыздан астам кіріс көп түскен. Бұл табыс облыс экономикасын тұрақтандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға септігін тигізеді, –деді облыс әкімі.

Өңір басшысы өз баяндамасында көктемгі су тасқыны кезінде үйлері жарамсыз болып қалған көкшетаулықтардың барлығы 100 пайыз баспанамен  толық қамтамасыз етілгені туралы қуанышты жаймен бөлісті. Елдің әл-ауқатын арттыруға жергілікті бизнес өкілдерінің тарапынан үлкен қолдау бар екендігін де атап өтіп, сын сағатта бірлік пен ынтымақтастық танытқан барша ақмолалықтарға алғысын білдірді.

– Экономиканың нақты секторы – негізгі бағытымыз болуы керек.  Алға ілгерілеп даму үшін ашықтық пен әділдік ауадай қажет. Біз саннан сапаға, сападан нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтамыз. Осы орайда қоғамдық бақылау – сапа кепілі. Ал, Қоғамдық кеңес – әкімнің сенімді көмекшісі, – деді өңір басшысы.

Биылғы жылы Ақмола облысында «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 9 білім ошағы салынады деп жоспарлануда. Келесі жылы да осындай заманауи тоғыз мектеп бой көтермекші. Облысымызда бірнеше ірі жобалар қолға алынып отыр. Бір ғана мысал, таяудаоблысәкімдігімен«Казцинк» серіктестігі және «АлтыналмасАК»акционерлік қоғамы компаниялары арасындабизнестіңәлеуметтікжауапкершілігіжәнеөңірдіңмаңыздымәселелеріншешушеңберіндеөзараынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта осы құнды құжат аясында «Казцинк» серіктестігі Қылшақты өзенініңарнасынтазарту,Қопакөліжағалауы бойындажолсалу, аббаттандыружобаларын жүзеге асыратын болады.Нысандардыңқұрылысынаметаллургиялықкомпания6,3миллиардтеңгеденастам қаржы бөліп отыр. Айта кету керек, бұл жоба аясында жағалау көркейе түсіп, спорттық жаттығуларға арналған орындар, балалар ойын алаңдары, амфитеатр салынатын болады. Атап өтерлігі, жағалауды жыл бойы демалыс орнына айналдыру жоспарланып отыр.

Ал, «АлтыналмасАК»АҚСтепногорск қаласында 5,6миллиард теңгеқаржыға жаңастадионсалужобасынқолға алды. Стадион 2000орындықтрибуналы жеңіл атлетикалықманежбен, электрондықтабложәне бейне экрандармен, тағы басқа қажетті спорттық жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ, арнайы спорталаңдары мен жолдардыабаттандыру мәселелері де жүзеге асырылады.Тағы бір жағымды жаңалық, Қосшы қаласы мен алты ауданның тұрғындарына арналған жаңа көпбейінді аурухана бой көтермекші. Бір мың келушіге арналған кешен заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталып, 300 стационарлық, 50 реабилитациялық орынмен қамтамасыз етіледі. Бұл медицина мекемесі алдымен Астана маңына жақын орналасқан аудан тұрғындары үшін қолайлы болары анық.

Жиын соңында, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов сөз сөйлеп, облыс әкіміне қанатқақты тың жобаларды қолға алып жатқандығы үшін алғыс білдірді.

–Бұл игілікті қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң өзгеріс әкелетіндігі белгілі. Нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде ел игілігіне берілуі үшін қоғамдық бақылауды назардан тыс қалдырмауымыз қажет, – деді Ермек Бекенұлы.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қоғамдық кеңес мүшелеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу жетістікке жетелейтіндігін баса айтты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар