Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Қазақстан Республикасының Астанасы күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Астана қысқа уақыт ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен жасампаз құрылысының шынайы символына айналды.

Жас шаһардың келбеті мемлекет саясатының көпвекторлылығын, әрбір қазақстандықтың еліміздің дамуы мен игілігіне деген ұмтылысын көрсетеді. Мұндай қарқынды даму Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке назары мен әрбір қазақстандықтың жанқиярлық еңбегінің арқасы.Бүгінде елордамыз өзін бүкіл Еуразиялық аймақтың саяси және экономикалық өмірінің орталығы ретінде танытып отыр.

Астана күн сайын өзгеріп, ажарланып, заманауи жаңа ғимараттармен толығып, жасыл желектермен көмкеріліп, мәдени орындармен өсіп келеді. Шындығында, бұл қала өркендеуі  Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асқан батыл жоспарлардың нәтижесі. Астана әлемге әйгілі державалардың басшылары арасындағы мәдени диалог пен келіссөздер алаңына айналды, мұнда қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған көптеген тарихи және тағдырлы шешімдер қабылданды.

Құрметті жерлестер!

Елордаға жақын орналасқан облысымыз қашанда тығыз байланысты. Бүгінде еліміздің бас қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, астана базарларына құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтарды және басқа да көптеген тауарларды жеткізіп отырған – біздің өңір. Астанада облыстың мыңдаған тұрғыны оқып, жұмыс істейді. Сондықтан жас қаланың көркеюі – өз саласында аянбай қызмет етіп жүрген әрбір ақмолалықтың орасан зор еңбегі. Сіздерге сол үшін рахмет!

Жаздың осы тамаша күнінде әрбір ақмолалықтардың отбасына тыныштық, жақсылық пен береке тілеймін! Өңіріміз, онымен бірге сүйікті, өршіл де әсем, қайталанбас және болашағы зор елордамыз гүлдене берсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус атынан және өз жеке атымнан сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қысқа уақыт ішінде Астана бірегей архитектурасы, дамыған инфрақұрылымы, инновациялар мен мәдени оқиғалардың жолсерігі бар заманауи мегаполиске, өзінің ерекше стилі мен өмір ритмы  бар шексіз қазақ даласы арасындағы оазиске айналды.

Әр елде жетістік пен көшбасшылықтың өлшеміне айналған, тарихта өшпес із қалдырған қалалар бар. Егемен Қазақстан үшін біздің жас Астанамыз бүгінде осындай нышан болып табылады.

Ақмола облысы Астананы барлық жағынан қоршап тұрғандықтан, біздің өңірдің дамуы онымен тығыз байланысты. Мыңдаған азаматтарымыз елордада еңбек етіп, оның өркендеуіне, еліміздің бас қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда.

Кымбатты жерлестер, осы керемет күнде сіздерді осы маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймын!  Әрқайсыларыңызға жаңа биіктерді бағындыру, амандық,  мол табыс пен шынайы бақыт тілеймін!

Бейбіт Жүсіпов,Ақмола облыстық мәсли
хатының төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар