«Тұран» және «Алтын» жайлы  тұрғын үй кешендерінен жаңа пәтерлер пайдалануға берілді

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Щучинск қаласындағы 39 отбасына «Тұран» және «Алтын» жайлы тұрғын үй кешендерінен жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бұл жаңа пәтерлердің 9-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларға және 30 медицина қызметкерлеріне  берілді.

 Қазірдің өзінде Көкшетау, Қосшы қалалары мен Зеренді және Бурабай аудандарында 200 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алса, жыл соңына дейін 900-ге жуық пәтер сатып алынады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бағдарлама бойынша жайлы тұрғын үй сатып алдық, бұл өзекті мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік берді. Кейде көптеген жергілікті құрылыс салушылар құрылысқа тапсырыс ала алмайды, сондықтан жақсы пәтерлер конкурстық негізде таңдалып, олардың сапасына белгілі бір стандарттар белгіленді. Бұл мемлекеттік сатып алуларға қатысатын және жоғары талап қоятын жергілікті құрылыс бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осындай шаралар жергілікті құрылыс бизнесіне серпін берсін. Ең бастысы, облысымыздың тұрғындары қолайлы жағдайда өмір сүруі керек, – деп баса айтты облыс әкімі.

Мемлекеттік қызметтік тұрғын үйдің бақытты иелерінің бірі – қалалық медициналық мекеменің қызметкерлері, сондай-ақ, отбасымен 12 жыл бойы баспана кезегінде тұрған 11 баланың анасы Елена Кудаева, оған қоса,  бірнеше жыл өз кезегін күткен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар санатындағы адамдар болды.

– Мен әжемнің қолында өстім, тоғыз жасымнан бастап тұрғын үй кезегінде тұрдым, қазір жасым 27-де. Осы уақыт ішінде үйленіп, жұбайым Татьяна екеуіміз бес жасар қызымызды тәрбиелеп отырмыз. Шынымды айтсам, тіпті үміттенбедім. Қалалық әкімдіктің қызметкерлері жұмысыма телефон соғып, тұрғын үй кезегімнің келгенін хабарлады. Арендаға азғантай сома төлейміз, – деп бөлісті элиталық ғимараттағы екі бөлмелі пәтердің аталған иесі, RG Gold компаниясының қызметкері Иван Раковец.

Бізге Щучинск қаласының белсенділері айтқандай, ең бастысы – мемлекеттік пәтерлерді ретке келтіру. Мәселен, саналы азаматтар пәтер кезегінде 20 жылдан астам уақыт тұрған болса, бірнеше жыл бұрын халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғындар жақсы пәтерге қоныстанып, алдыңғылары баспанаға ілікпей немесе өздерінің әдеттегі өмір салтын өзгерткісі келмей, объективті себептермен өмір сүру кеңістігін жоғалтқан жағдайлар да болған. 2010 жылдан бері Набережной көшесіндегі үйдің тұрғындары балкондарынан қоқыс тастаған, оны бірнеше жүк көлігімен алып шығуға тура келген.

– Адамдар бұл үй өз меншігі екенін түсінуі керек. Мысалы, егер көршілері темекі тұқылын немесе басқа қоқыстарын тастаса, міндетті түрде ескерту жасау керек, сонда біздің аулада жайлылық пен тәртіп болады, – дейді қала тұрғындары.

«Авиценна Бурабай» ЖШС емдеу мекемесінің қызметкерлері «Алтын» тұрғын үй кешенінде берілген қызметтік баспанаға ризашылықтарын білдіреді.

– Осыдан бес жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысынан отбасыммен көшіп келіп, баспана алуға құжат тапсырып, бір жылдай күттім, сондықтан, жас мамандарға қолдау жасалатынына ризамын, – деп  бөлісті ойын жалпы тәжірибелік дәрігер Гүлжан Жұмабекова.

Эндоскопист Андрей Шулаков Астана медицина университетін бітіріп, Щучинск қаласында төрт жылдан бері жұмыс істеп келеді.

– Мен қызметтік баспанаға бір жыл кезекте тұрдым, уақыт тез өтті, өте қуаныштымын, – дейді Андрей Сергеевич.

Қарағандылық ерлі-зайыптылар анестезиолог-реаниматолог Эльдор Шазимов пен хирург-трансфузиолог Малика Юсупова өткен жылдың желтоқсан айында Щучинск қаласына жұмысқа келген. Ол дәрігерлер медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер алды.

– Бізге бұл жер өте ұнайды, жұмыс жағдайы жақсы, жұмыстан кейін табиғаты тамашалап, орманға барып, демалуға, жаңа күш жинауға мүмкіндік мол, – деп атап өтті жаңа тұрғындар.

Бұған жауап ретінде облыс әкіміне кардиология бөлімінің меңгерушісі Саида Қожахметова медициналық қызметкерлерге арналған үй құрылысына атсалысқандардың барлығына – Бурабай ауданы мен Щучинск қаласы әкімдіктеріне және облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Авиценна Бурабай» ЖШС басшылығы мен құрылыс салушыларға алғысын білдірді.

– Бүгін бізге басқа қалалар мен облыстардан келген көптеген дәрігерлер үшін қуанышты оқиға. Сонымен қатар, медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету нығайып, медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалау өте маңызды жолға қойылып отыр, – деді Саида Сансызбайқызы.

Вероника БУРДА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар