Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржы бөлінді. Құрылыс қарқыны әлі де төмен - АРҚА АЖАРЫ

Қаржы бөлінді. Құрылыс қарқыны әлі де төмен

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Щучинск қаласында болып, бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Тозығы жеткен тұрғын үйлерді қайта жаңғырту бағдарламасы аясында Ақмола облысында бірқатар ілкімді істер қолға алынған. Мәселен,  Щучинск қаласындағы екі қабатты 8 пәтерлі апатты үйдің орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй құрылысын салу қолға алынған. Облыс әкімі жұмыс сапары аясында алдымен осы үйдің құрылыс сапасымен танысып қайтты. Құрылыс басынан табылған «TASU COMPANY» серіктесігінің Бас директоры Хасан Мұсахаджиевтің баяндауынша, аталмыш жобаға 480 миллион теңге инвестиция тартылған. Жаңа жайлы тұрғын үй ағымдағы жылдың қазан айында яғни, Республика күніне орай  пайдалануға берілмекші.

– Алты қабатты жаңа тұрғын үйдің құрылыс алаңы екі мың шаршы метр көлемінде, онда бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Лифт, шаруашылық қызметке арналған жертөледегі тұрғын емес үй-жайлар, балалар алаңы, автотұрақ, гараж кешені қарастырылған, – деді құрылыс компаниясының бас инженері Наталья Григорович.

– Жаңғырту бағдарламасы жергілікті құрылыс компанияларына өз бизнесін дамытуға және ірі қаржылық жобаларға қатысу үшін жақсы мүмкіндік. Мердігерлер өз уәделерінде тұрып, құрылыс сапасына жақсы көңіл бөлуде. Алдағы жұмыстарына тек сәттілік тілейміз, – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Аталмыш құрылыс нысанының жұмысымен танысқаннан кейін, облыс әкімі биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған 400 орындық екі қабатты қалалық мәдениет үйінің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Ғимараттың ауданы 5200 шаршы метрді құрайды, онда кино, хореография, көрме және жаттығу залдары, вокалдық студия, үйірмелер мен секцияларға арналған кабинеттер орналасқан.

– Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша біз бағандарды қалдырдық, қасбеті ерекше дизайнмен, яғни травертинмен қапталған. Мәдениет үйінің аумағын абаттандырамыз, автотұрақ салу да жоспарланған, – деп баяндады мердігер компания өкілі. Құрылысты белгіленген уақытта аяқтау үшін 79 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жетіспесе керек. Осыған байланысты өңір басшысы аталмыш түйткілді мәселе жуық арада оңтайлы шешілетінін атап өтті. Құрылысқа қажетті қаражат толық көлемде бөлінетін болады. Нысан жұмысымен танысқан облыс әкімі Марат Ахметжанов мәдениет үйінің құрылысына зер салып, ұсақ-түйекке дейін ойластыру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, құрылыстың дизайны мен сапасына назар аудару, қоршаған аумақты абаттандыру және көгалдандырумен айналысу қажеттігін де атап өтіп, тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

– Мәдениет үйі көз тартар көркем дизайнда болғаны абзал, оның сыртқы көрінісі анадайдан көзсуырар көркемдігімен әспеттеліп тұрса ғанибет емес пе?  Қала тұрғындары мен қонақтарының назарын бірден өзіне аударатындай, Щучье-Бурабай курорттық аймағының ажарын айшықтай түсетіндей, ұлт ұстыны саналатын  ұлттық ою-өрнектермен әшекейлесек те аса жарасымды болары сөзсіз. Аталмыш мәдени нысанды ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беруіміз керек, – деді Марат Ахметжанов.

Қала тұрғындарының көптен бері көкейінде жүрген бір мәселе болса, ол аудан орталығында бой көтеріп жатқан спорт сарайының құрылысы. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі көпфункционалды қалалық спорт сарайы құрылысының сапасы мен құрылыс қарқынын көзбен көріп, тиісті сала басшыларына сын-ескертпелер айтты.

– Қажетті қаражат бөлінді, ал құрылыс жұмыстары әлі оңтайлы ұйымдастырылмаған, – деді өз сөзінде облыс әкімі.

Жоба бойынша 235 адамға лайықталып салынып жатқан спорт сарайында бір ауысымда бассейн, тренажер, спортзал, бокс, күрес, теннис жаттығулары мен аэробика сабақтарына арналған залдары бар. Түзетуден кейін жоба құны 996,4 миллион теңгеге қымбаттаған. «Авторемстрой ЛДТ» серіктестігі мердігерлік ұйымының бас директоры Нұрбек Ташходжаев облыс басшылығына спорт кешеніндегі бөлімдерді монтаждау, сыртқы қабырғаларды қалау жұмыстары аяқталғандығы туралы баяндады. Қазір нысанда дәнекерлеу, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Біз мердігер компания басшылығынан қалаға қажетті спорт нысанының құрылысы не себепті ұзақ уақыт бойы салынып жатыр деген сұрақты алға тартқан болатынбыз.

– Спорт сарайының құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Алайда, өткен жылы қаржыландыру болмады, түзетуден кейін осы жылдың желтоқсанында жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыс күші жеткілікті, бірақ 76 маман басқа облыстардан шақырылып отыр. Жалақыны уақытылы төлегенімізбен  жергілікті тұрғындар жұмыс істеуге ықылас танытпай отыр. Қазіргі таңда аталмыш нысанда дәнекерлеушілер, қасбет мамандары, монолитшылар, әрлеушілер қарқынды жұмыс істеп жатыр, – деді Нұрбек Ташходжаев.

Ақмола облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Риза Жүнісов болса, алдағы уақытта шатыр мен  пластикалық терезелерді орнатуды, нысанға технологиялық жабдықты қосуды жоспарлап отырғандығын атап өтті. Ағымдағы жылы 1 миллиард теңге қаражат  бөлінсе, оның 300 миллион теңгесі игерілген екен.

Вероника БУРДА,
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Щучинск қаласы,
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар