Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сарықыз Ана кесенесі - АРҚА АЖАРЫ

Сарықыз Ана кесенесі

Бұрыңғы соңғы қазақ шежірелерінде ру, тайпа атаулары сол рудың басшысы, биі, батыры атымен аталатыны белгілі десек те, бүкіл ру тармақтарының атауы ел анасы болып кеткен аналардың атымен аталуы сирек болса да, кездеседі. Шығысты жайлап жатқан қалың Найман бір рулар топтастығы өздерін Мұрын Найманбыз дейді, себеп ол ұрпақтар өздерін Мұрын анадан таратады. Ұлы жүздің қызы Найманның келіні аты мыңдаған ұрпаққа ұран болып тараған Анамыз мұрынды кісі болса керек. «Мұрын» атауы соған байланысты айтылған. Арғын тайпасының Бес Мейрамынан тарайтын Бегендік-Қозған руының екі үлкен тармағы Қарақозған және Сарықозған аталады.

Әз Тауке ханның сардарының бірі Тоқтас батырдың үлкен әйелі Мақпал қарадан тараған ұрпақтар – Қарақозған, кіші әйелі Сарықыздан тараған ұрпақтар Сары Қозған аталған. Н.Балгашиннің айтуы бойынша (1882жыл) Сыр бойынан солтүстікке келген Арғындар ішінде Қозғандар да болған. «Разделение рода Козган на 2 ветки видимо произошло еще впериод шествия Козганов с Улытауских гор и оседанию их частей по Атбасарским землям в сороковые годы 18 века, то есть до прочного оседания под рода Сарыкозган в районе Баянауыла с 1760 по 1770 годы…»

Бұл мағлұматтар патша шенеунігі Шербинаның 1903жылғы экспедициясының материалдарында көрініс тапқан. Сарықыз ананың бейіті 1870 жылғы картада нақты көрсетілген. Тоқтас батырдың кіші әйелі Сарықыз ананы ұрпақтары өздері мекендеген Баянауыл жерінде Ашысу өзенінің бойында жер қойнына беріп, басына үлкен мазар тұрғызған. Мұндай мазарды кез келген бай, би, батырларға тұрғыза бермеген, керісінше ұлттық деңгейдегі, көпшілікке билігін жүргізген атақтыадамдарға орнатқан. Сондықтан, Сарықыз Ананы ақыл парасаты мол, көпшілік көңілінен шыққан ұлттық салт-дәстүрді сақтап, әулеттің атын шығарып, бір рулы елге айналдырған, өз заманының дәрежесі биік тұлғасы ретінде білеміз.

«Сарықыз» мазары Баянауылдан солтүстік батысқа қарай 40 шақырымдай, Ашыкөл көлінің оңтүстігінде Ашысу өзенінің бойында орналасқан.

Тоқтас батырдың жұрты Баянауыл төңірегін Арғынның Айдабол, Қаржас, Орманшы, Күлік аталарымен және Қозғанның үлкен аталары Үшата, Ораз, Қожамберді, Қалмақшы аталас туыстарымен бірге мекендегені тарихтан белгілі. Сондықтан, Қозған ұрпақтары Кереку өңірін өздерінің алғашқы Отаны ретінде қабылдайды. Орта жүздің саяси құқықтық жағдайын реттейтін «Сібір Қырғыздарының Уставын» шығарып, территорияларды белгілеу реформалау үшін, Патша үкіметі 1832 жылы подполковник Бутовскийдің экспедициясы жіберілді. Соның материалдары бойынша жаңа құрылған Баянауыл округінде Қозғанның 494 түтіні тұрды. 1835 жылы Қозған болысында адам саны 6944 болатын, 992 түтін тіркелген, оның ішінде Көбек-Сарықыз бөлімшесінде 344 адамымен 86 үй болған.

Сарықыз Ананың бейітінің орнын 1878 жылы шыққан ескі картадан алғаш тапқан зерттеуші ғалым Дәурен Аяшинов деген азамат. Павлодар уезінің 1878 жылғы және 1898 жылғы топографиялық карталарында да нақты көрсетілген. Барлық дереккөздерде Сарықыз бейіті Могила Сарықыз деп белгіленген.

2013 жылдың 14 тамызында Қозған руының тарихын зерттеуші Дүйсенбаев Заманбек ақсақал мен Дәурен Аяшинов көне және жаңа топографиялық карталарды салыстыра отырып, Баянауылды бетке алады. Бірлік ауылының тұрғындарының көрсетуімен, жазықпен, жолсыз даламенбірнеше сағат жүріп, «Ақмола» қыстауының маңынан ескі жартылай құлаған мазардың қалдығын табады. Салыстыракелгенде бұл Сарықыз Ананың ескі мазары болып шығады. Ескі мазардың 3/1 бөлігі сақталған, диаметрі 5 метр болатын шеңбер тәрізді, мал қылдарын косып, қыш кірпіштен өрілген. Күмбезінің ені 2 метрдей, айналасындағы қабір бейіттердің кейінірек қойылғаны байқалады. Бірлік ауылының көнекөз қарияларының айтуы бойынша ескі қорымдар Қанжығалы Күлік Айдабол, Қозған руларына тиісті. Сарықыз Ананың қорымы Патшалық Ресейдің ескікарталарында көрініс тапқан. 1835 жылғы мәлімет бойынша Сарықозғанның қыстаулары Баянауылдың теріскей жағынан 40-60 (верст) шақырымдай жерде, 1830 жылғы мәлімет бойынша Сарықыз шатқалында Сарықозғанның Есенқұл Түркібай тармағына жататын Алыбаевтар, Мәмбердиндер, Ақжігітовтердің қыстаулары көрсетіліп тұр. Қозған руының өкілдері Арғынның басқа да руларымен бірге Кереку Баянауыл өңірін ертеден мекен еткенін Г.Потаниннің, Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінен, Шербинаның, Бутовскийдің экспедиция материалдарынан байқадық. 1884 жылғы Қарамола (Қозған-Ақбура-Тұлпар) болысын Қозған Дүйсекейұлы Ақмырза басқарған, халқының 80 пайызын Қозғандар құраған. Дүйсекейдің 1865 жылғы формулярлық тізімі: Дүйсекей Кабылов, исправляющий должность волостного управителя Козган-Тулпаровской волости Баянауылского округа, 39 лет, веры Магаметанской, знаков отличия нет. Получает жалование 43 рублей серебром, в службу вступил по выбору Киргизкого народа и определен военным губернатором области. Должность волостного управителя в Козгановской волость – 1863год 14 декабря. Зимовки на урочище Аккозы Адыр.

1835 жылы санақ бойынша Қозған болысында малдың ең көбі ағайынды Байқасқаларда 1100 жылқы, 2500 қой (Сарықұл Байқасқа-Түркібай Есенқұл-Тоқтас).

Дүйсекейдің әкесі Қабыл Көтенұлында 350 жылқы, 850қой (Жиеналы Ораз).

Ағайынды Қияқұлдарда 360 жылқы, 1860 қой болған.

Сүгірәліде 108 жылқы, 340 қой болған.

Қазақ даласында бай дәулетті малмен бағаланынескерсек, бұл Қозғаннан шыққан байлардың бір парасы ғана.

«Қозғанда Бекқұл менен Қабыл орны

Дүйсекей, Күреңбайлар ескі қорлы.

Солардың ортасында жүргенімде

Болады енді Мәшһүр кімнен сорлы».

Аруақты Мәшһүр Жүсіптен артық ешкім баға бермеген-ауҚозғандарға.

Мұстафа Ботығай.

Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасыдейтін заманынан оза туған, Павлодар уезінің 4 болысын басқарып, көпшілік көңілінен шыққан тұлғаның бірі әрі бірегейі Қозған Мұстафа Ботығайұлы.

(1847-1920 жж.)

Қазақ тарихында Аға сұлтан дәрежесіне қара халықтан екі адам көтерілген: біреуі Мұса Шорманұлы, екіншісі Құнанбай Өскенбайұлы.

Атбасарлық Найман Ерден Сандыбайұлы үшіншісі болуы мүмкін (мәлімет зерттеуді қажет етеді).

Бір адамның 4 болысты (біздің зерттеуімізше 5 болысты)басқаруы бұрын-соңды кездеспеген оқиға. Патша шенеуніктерінің таңдауы неге Мұстафаға түскен дегенде, әуелі қара қылды қақ жарып үкім шығарған, қандас туыс деп бұрмаламай билік жүргізген керекті жерінде бетін қайтаратын қайсар мінез көрсеткен үлкен мәмлегер ойымызға келді. Архивті деректерді ақтара отырып, оған көз жеткіздік те. Өз ауылы Бекежан ауылының старшыны болып, қызметін 1873 жылы, 26 жасында бастаған Мұстафаны, 1893 жылы бұрын Қозған-Тұлпар болысы аталған Павлодар уезінің Қарамола болысының болыс басқарушысы болып тағайындайды.

Ол 1897 жылы Генерал губернатордың ерекше тапсырмасымен Павлодар уезі Далба болысын (Айдабол руы) басқаруға жіберіледі.

Осы болыстағы ел ішіндегі наразылық толқуды басып, 1898 жылдың күзіне дейін болады. Одан соң Мұстафа генерал губернатор өкімімен Күлік руының қарауында болған Қызылтау болысын басқаруға Семипалатинск генерал губернаторының дағдарыспен күресу және сенімді өкілі ретінде ел ішіндегі дауды шешу үшін жіберіледі. Нәтижесінде бұрынғы болыс, екіге, Қызылтау және Далалық (Степной) болыстығына бөлінеді. 1902-1912 жылдарда Сарықозған ауылдарының биі болып қызмет істейді.

1907 жылы М.Ботығайұлы денсаулығы нашарлап бір аяғынан айырылып, ағаш протез киеді, осыдан бастап оған «Ағаш аяқ» Мұстафа деген лақап ат таңылады. 1912жылы Мұстафаны Қанжығалы руы тұратын Шақшанболысына ел арасындағы дау жанжалды шешу үшін болысбасқарушысы лауазымына тағайындайды. 1913 жылы 11 қарашада Қарамола болысын басқаруға егде жастағы Мұстафа Ботығайұлы қайта шақырылады.

Наградной список должностных лиц по общественному управлению Семипалатинской области. «Волостной управитель Мустафа Ботагаев имеет похвальный лист почетные халаты I, II, III разрядов и серебряные часы, в службе с 1873 года, в должности управления Шакшанской волости с 10 сентября 1912 года, представляется к награде за 40-летнюю ревностную службу, испрашиваемая награда серебряная медаль «За усердие» для ношения на груди на Аннинской ленте…»

Мұстафа Ботығай орыс тілін жетік меңгерген, арабша өте сауатты болған. Бабасы Әз Тәйтеке би сияқты қара қылды қақ жарған әділдігінің және ақылы мен еңбегінің арқасында қазақтың 5 болысына билік жүргізген.

Жоғарыда айтып өткен қазақ тарихындағы Аға сұлтандардан дәрежесі кем емес деп айта аламыз.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» демекші Тәуке ханның сардарының бірі Тоқтас батырдың кіші әйелі Сарықыздан тараған ұрпақ бүгінде бір ру ел болып отыр. Бүкіл Қозған ұрпақтары Баянауыл даласында Сарықыз ананың ескі мазарын тауып, қоршап, абаттандырып, жаңғыртып қайтадан күмбезінің биіктігі 13 метрге жуық болатын еңселі ақ кесене орнатты. Аруағынан айналайын Сарықыз Ананың Ақ кесенесі анадайдан мен мұндалап тұрады.

Қозған ұрпақтары Сарықыз Ананың кесенесінің ашылу салтанатына үстіміздегі жылдың 20 шілдесінде Баянауыл жерінде, Ашысу өзенінің бойында, өз жамбасы жерге тиген, ескі қорым маңында ат шаптырып, ас берілетінін хабарлайды.

Қозған ұрпақтары барша жұртты салтанатты асқа шақырады.

Б.ЫСҚАҚОВ.

Алматы қаласы.

Шілде 2024 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар