Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 Ақмола облысы – еліміздің аграрлық секторының ірі өңірі - АРҚА АЖАРЫ

 Ақмола облысы – еліміздің аграрлық секторының ірі өңірі

Ақкөл ауданында «JańaDala / GreenDay-2024» Дала күніне орай ұйымдастырылған мамандандырылған көрмеге Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан мен алыс-жақын шетелдерден келген компания  өкілдері қатысты.

Дала күніне орай ұйымдастырылған бұл мамандандырылған  көрмеде 200-ден астам аграрлық компанияның өкілдері бас қосты. Көрмеде заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының селекциялық жетістіктері, қазіргі заманға сай жоғары өнімді техниканың үлгілері және ветеринария саласындағы инновациялық әзірлемелер ұсынылды. Облыс басшысы көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығы саласының маңызы зор екенін атап өтті.

– Ақмола облысы – еліміздің аграрлық секторының жүрегі. Сондықтан, дала күнін осындаөткізу тегін емес. Бұл шара ауыл шаруашылығының игілігі үшін еңбек ететіндердің барлығының басын біріктіретін айтулы мереке, әрі оған қатысушылардың саны да жылдан-жылға көбейіп келеді. Біздің аймақ алыс-жақын шет елдерден келген қатысушы компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында облыс айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Еліміздің ірі астық егетін өңірлерінің бірі болып саналады.  Сонымен қатар, машина жасау өнеркәсібі де жақсы дамуда, – дей келе облыс әкімі аграрлық және өндірістік саладағы негізгі жетістіктерге тоқталды.

Аймақ басшысының айтуынша, алдағы жылдары 130 миллиард теңгеге 79 ірі инвестициялық жобаіске асырылмақшы. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді едәуір арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласының бірқатар өкілдері «Еңбек ардагері» медалімен, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен, Премьер-Министр мен облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Дала күніне қатысушылар Ауыл шаруашылығы министріне сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Фермерлердің көтерген мәселелеріне тоқталсақ, олар – Қытай нарығына шығу, жеңілдетілген несие мен субсидиялау шарттары, тыңайтқыштар мен бидайдың бағасы тәрізді тағы да басқа жағдайлар.

Айта кетейік, екі күн ішінде фермерлер үшін семинарлар, шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды, жеке блокта халықаралық ғылыми конференция да ұйымдастырылды.

Ал, «ҚазАгроҚаржы» компаниясының топ-менеджерлері бұл ауқымды  шара аясында шаруаларға пайдалы кеңестерін беріп, фермерлерге ашық есік күнін өткізді. Онда фермерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелерін алға тартып, қолданыстағы лизинг бағдарламалары бойынша пікірлерін білдірді.

–Клиенттеріміздің қажеттіліктерін жақсырақ түсіну үшін Ашық есік күнін өткіздік. Бұл бізге тұтынушылардың мәселелерін, олардың сұрауларын түсінуге және компанияның кемшін тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарынан келген шаруалар бізден кеңес алып кетті, – деді «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Дала күні ел ырысын еселеген еңбеккерлердің тәжірибесін молайтып, білігін арттыра түскен олжалы күн болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар