Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындада «Аманат» және «Жайлау сити» тұрғын үй құрылыс кооперативтерінің өкілдерімен кездесті.
Қазіргі таңда қалада 4 аяқталмаған тұрғын үй кешеніне қатысты түйткілді мәселелер бар.
Облыс басшысы өз сөзінде мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында барлық проблемалық үйлердің құрылысын аяқтау қажеттігін атап өтті.
Ақмола облысы әкімдігінің ортақ атсалысуымен бұл мәселені шешуде нақты мақсаттар белгіленіп, алданған үлескерлердің заңды құқықтарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде.
– Бүгін біз «К.Г.С. СаудА» ЖШС-мен келісімге келдік. Тұрғын үй және азаматтық құрылыста, үлестік құрылыс мәселелерін шешуде өзара ынтымақтастықта үлкен тәжірибесі бар. Бірінші кезеңде «Diamond Park» және «Сиреневый сад» тұрғын үй кешендері аяқталады, өйткені, бұл аумақтар заңдық тұрғыдан таза және құрылыс салушылар жоқ. Пәтерлердің жалпы ауданы 9500 шаршы метрді құрайды, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Аталмыш серіктестіктің атқарушы директоры Алмас Ғалимарданов проблемалық нысандар – «Diamond Park» және «Сиреневый сад» тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтау бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Құрылыстың басталуы 2024 жылдың күзіне жоспарланған, себебі, қолданыстағы құрылымдарды техникалық байқаудан өткізіп, жүк көтергіштігін тексеріп, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет. Осылайша тұрғындар 2025 жылы көптен күткен пәтерлерге ие болады деп жоспарлануда. Басқа да проблемалық тұрғын үй кешендерінің мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы.