Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек - АРҚА АЖАРЫ

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің салыну барысы мен сапасын тексерді. Ауданның төрт ауылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысы есебінен 2,7 миллиард теңгеге 116 үй салу жоспарланған.

–Журавлевка ауылында 23 жеке тұрғын үй салып жатырмыз, – дейді «MEDINA Building» және «Kazakh kazyna» құрылыс компаниясының басшысы Алтынбай Әрінов. – Қазір осыған құрылыс алаңдарын дайындап жатырмыз. Геодезия мамандары келгеннен кейін үйді тұрғызатын орынды белгілеп, қазықтарын қағамыз, әрі қарай іргетас қалау жұмыстарын бастаймыз.

Құрылыста еліміздің түкпір-түкпірінен  келген 115 жұмысшы еңбек етуде. Құрылыс ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқталуы тиіс. «ДелоФБК» және «Alfabuildinggroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мұнда тағы 10 үй тұрғызуда.

Аймақ басшысына ауыл әкімі Татьяна Гильгенберг баяндап бергеніндей, құрылысшылар жергілікті мектептің акт және спорт залдарына, аудандық мәдениет үйіне орналастырылған, оларға тамақты мектеп аспаздары дайындап беруде.

–1 қыркүйекте мектеп штаттық режимде жұмыс істеуі керек. Бұған дейін барлық жұмыстар аяқталып, ауыл тұрғындарына өз үйлеріне қоныстануларына жағдай жасау қажет. Уақыт өте тығыз болғанымен, ол құрылыстың сапасына әсер етпеуі тиіс, сол үшін екі ауысыммен жұмыс істеген дұрыс болар, – деді облыс әкімі. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне құрылыс уақыты кезеңінде елдімекендегі тәртіпті ерекше қадағалап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Капитоновка ауылында салынып жатқан 15 үйдің жобалық құны 355,5 миллион теңге. «Ибис-К» ЖШС мердігерлік ұйымы жұмысты белгіленген кестеге сай аяқтауды жоспарлауда. Мамандар аймақ басшысын әрқайсысы 23,7 миллион теңге тұратын жаңажайлы тұрғын үйдің бірімен таныстырды.

Мердігерлік ұйымның директоры Андрей Петроченко түсіндіріп өткеніндей, Ивановка ауылында барлық технологиялық жұмыстар қатар жүргізілуде, сондықтан, техникамен жұмысшылар бос тұрмайды, құрылыс материалдары бойынша мәселе жоқ. Құрылыс алаңында 62 адам жұмыс істеп жүр, тағы 30 жұмысшы жұмысқа енді кіріспекші. Бұл іргетасы биік орнатылған жайлы 21 екі пәтерлі үйлер қоныстанушыларына белгіленген мерзімінен бұрын тапсырылып қалуы мүмкін.

–Алдағы жылдары су тасқыны үйлерге қайтадан зиянын тигізбеуі үшін құрылысты сапалы жүргізуге тырысып жатырмыз. Құрылыс жобасынан бөлек, тұрғындардың да тілектерін де ескерудеміз. Ауданның атқарушы орындарына жұмыс барысында туындайтын маңызды сәттерді жылдам үйлестіріп, шешіп беріп отырғандары үшін алғыс айтамыз. Ауыл тұрғындарыда түсіністікпен қарап, құрылысты жақсы көңіл-күймен жүргізіп жатырмыз, – деп атап өтті құрылыс компаниясының басшысы.

Жұмыс қарқынын жылдамдатыңыздар. 1 қыркүйекке дейін тұрғындар өз үйлеріне қоныстанулары қажет, – деп тапсырды облыс әкімі. Сонымен бірге, облыс әкімі ауылдың белсенділерімен әңгімелесіп, жағдайларын сұрастырды. Олар өмірлеріжақсы жаққа өзгеріп, ауыл маңындағы жолдар төселіп, бұрын-соңды болмаған ауқымды құрылыс жүргізіліп, қиындық соңы жақсылыққа ұласқанын айтып,  жылы әңгімелесті.

Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің сапасы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Ешкім көмексіз қалмайды, үйлер заң бойынша бөлінеді, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Бұл күні аймақ басшысы Вознесенко ауылында да салынып жатқан үйлердің құрылыс қарқынын барып көрді. Мұнда әрқайсысының құны 25 миллион теңгені құрайтын 16 үй салынбақшы. Жобаның жалпы құны – 400 миллион теңге. Мердігерлік ұйымы – «SCS Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

–Үйлердің дизайны да ойластырылған болуы керек, әлі қоршауларын да қоюға уақыт қажет, тапсыруға аз-ақ уақыт қалды, – деп еске салды Марат Ахметжанов жауапты мамандарға. Облыс әкімі адамдардың қалыпты жүріп-тұруы үшін мүмкіндігінше тезірек жол жасау қажеттігін де атап өтті. «Мұндағы су құбыры құрылысы да дер кезінде аяқталады, көпірде жақын арада бітеді…» Міне, дәл осылай Вознесенка ауылында салынып жатқан көпірді тексеру кезінде өңір басшысына «Жылу-XXI» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Көпжан Бижанов уәде берді. Жобаның құны – 724,5 миллион теңгені құрайды. Мұндағы жұмыстар әзірге 30 пайызға ғана орындалған.

– Жұмыс кестесінен көп арттақалып барасыздар. Сіздеркелісім-шарттағы міндеттемелерді орындамай жатырсыздар, – деп мердігерді сынға алған аймақбасшысы тиісті басқарма басшылары мен аудан әкіміне аталған мәселені бақылауға алып, атқарылып жатқан жұмыстарды күнбе-күн тексеріп отыруларын тапсырды.

Вознесенка ауылында 1969 жылысалынған үш қабаттыжалпы білім беретін мектептіңбиыл екі жылдық күрделі жөндеуі аяқталуда. Жөндеу жұмыстары екі кезең бойынша жүргізілді.

–Өткен жылы ғимараттың қас беті толығымен жөнделді, бұрын артқы жағы жартылай қираған еді. Терезелері, есіктерімен едендері ауыстырылып, үш қабатта, оқу кабинеттерінде сылап-ақтау жұмыстары жүргізілді, кафель төселіп, асхана жөнделді, – деді білім ордасы директорының міндетін атқарушы Татьяна Стихиляс. – Бұрын спорт және акт залдарының, сондай-ақ, асхананың шатырынан су ағатын, сондықтан, ішінара шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір біз шағын спортзалды, акт залын жөндейміз, барлық қабаттарда әжетхана бөлмелерінің құрал-жабдықтарын орнатамыз.

Айта кетер болсақ, биыл мектептің ашылғанына 55 жыл толады. 925 тұрғыны бар ауылдың жалпыбілім беретін бұл мектебінде бірінші сыныптан 11 сыныпқа дейін 162 оқушы білім алады. Онда шағын орталық жұмыс істейді және ата-аналардың өтініші бойынша қосымша 20 балаға арналған бөбекжай тобын ашуда жоспарланып отыр. Сондай-ақ осынша балаға арналған мектепалды сыныбы ашылмақшы. Күрделі жөндеу жұмыстарын 10 тамызға дейін  аяқтау жоспарлануда.

– Бұл атқарылып жатқан жұмыстар мектебіміздің мерейтойына үлкен сыйлық болмақшы, – деді қуанышын жасыра алмаған мектеп басшысы. Расында, жылдан-жылға әр мектеп осылай қайта жаңартыла түссе, жаман болмас еді.

Вероника БУРДА.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

 Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар