Ақмола облысының әкімі мен Түмен облысының губернаторы түрлі салалардағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесті.
Кездесу аясында өнеркәсіп кооперациясының, жабдықтар мен жиынақтау құралдарын өзара жеткізудің, халық шаруашылығының салалары үшін кадрлар даярлау, туризм салаларындағы ынтымақтастық пен үздік басқару тәжірибелерімен алмасудың мәселелері талқыланды.
Ақмола және Түмен облыстарының машина жасау және тамақ өнеркәсібінде – ет, жұмыртқа, сүт өнімдерін, ұн, ұн өнімдері мен макарон өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша жобаларды бірлесіп пысықтау әлеуеті бар.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Қазақстан мен Ресей арасындағыХХ өңіраралық ынтымақтастық форумының шеңберінде Ақмола облысының әкімдігі мен Түмен облысының басшылығы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.