Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл мәдениетінің көсегесі көңіл бөлінсе ғана көгереді - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл мәдениетінің көсегесі көңіл бөлінсе ғана көгереді

Айсары деп аталатын шағын ауылда өстік. Бірақ, біздің ауылда тұрмысқа қажетті әлеуметтік нысандардың, атап айтсақ, мектеп пен балабақша, дүкенді айтпағанда «Тамаша» ойын-сауық орталығы, ауылдық клуб, аспазхана мен наубайхана, орталық монша, тіпті әкем, әнші-композитор, ақын Тыныштық Шаменовтың бастауымен республикада теңдесі жоқ «Қарлығаш» атты өнер мектебі бар болатын.

Ол өнер мектебінде ауыл балалары фортепиано, домбыра аспаптарымен қатар, сурет және ақындық өнерге баулитын үйірмелер жұмыс істейтін. Тоқырау жылдары сол байлық көзден бұл-бұл ұшты. Ал, Ақмола облысындағы ауылдарда қазіргі ахуал қандай? Өңірімізде орналасқан елді мекендердің барлығы мәдени демалыс орындарымен қамтылған ба? Біз осы мәселеге байланысты Ақмола облыстық мәдениет басқармасына хабарласып, олардың берген ақпаратына сүйеніп, өңірдегі жағдайды баяндауды жөн санадық.

Алдымен, қолда бар ақпаратқа тоқталып өтсек. Онда былай делінген: «Ақмола облысының ауылдарында 241 клуб жұмыс істейді, оның 228-і
мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. 2024 жылдың басында Тайтөбе
ауылы мен Бұзылық ауылында 2 клуб ашылды. Жалпы, облыс аудандарында клубтық мәдениет нысандарының, оныңішінде ауылдық мәдениет нысандарының қызметін жетілдіру үшінматериалдық-техникалық базаны жақсарту мәселелері оң шешімін табуда.Мысалы, ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығында Ақмола облысыныңклубтық мәдениет нысандарын дамытуға 3 миллиард 702 миллион теңге,оныңішінде ауылдық клубтар үшін 2 миллиард 5 миллион теңге бөлінді.Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы 2011жылдан бастап мәдениет басқармасының қолдауымен «Ауылдық клубқабіздің қамқорлығымыз» инфрақұрылымдық жобасы шеңберінде «Үздікауылдық клуб» облыстық байқауын өткізіп келеді.
Бұл байқау ауылдық жерлерде мәдениетті қолдау және насихаттау
мақсатында 2 жылда бір рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
Биыл байқауға облыс аудандарынан 17 ауылдық клуб қатысады».

Байқағанымыздай, мемлекет тарапынан қаражат бөлініп жатыр, жаңа клубтар біртіндеп бой көтеруде. Сондай-ақ, облыс кәсіпкерлерінің ауыл инфрақұрылымын көтеруге өз үлестерін қосып жатқандығы қуантады. Жалпы, кез келген жан баласы алдымен мемлекет маған не берді дегенді алға тартпай, керісінше мен өз еліме қандай үлес қостым деген сұраққа жауап іздегені абзалырақ. Бір ғана мысал, Атбасар ауданындағы Шуйское селосындағы ахуалды көріп, көз қуанады. Ондағы бой көтерген мәдениет үйінде кинотеатрға дейін ұйымдастырылған. Ең бастысы, ауыл тұрғындарына көрсетілім тегін. Ауыл өнерпаздарының өнерін қолдау мақсатында сахналық костюмдерді тігуге облыстық бюджеттен 18 миллион теңге қаражат бөлінген. Яғни, ауыл өнерпаздарына қолдау бар деген сөз.

Жасыратыны жоқ,  «сананы тұрмыс билейді»  деген тәмсілдің жаны бар-ау. Мәдениет халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететіндігі де өтірік емес. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру мемлекет пен бизнестіңортақ міндеті болғанда ғана өнер өлкесі өркендей түсері анық. Тағы да қолда бар ақпаратқа зер салсақ, мысалы, 2023 жылы бизнес құрылымдарымен жеке тұлғалар жөндеу жұмыстарына, сахналық костюмдер, музыкалықжәне жарық беру аппаратурасын, кеңсе техникасын, жиһаз сатып алу, іс-шараларды өткізу үшін 502 миллион теңгеден астам көмек көрсетті. Тек Атбасар ауданындағы «Шуйское-21» серіктестігіауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге (серіктестік директоры Алтынбек Бейсембекұлы Құрманқұлов) 325 миллион теңге, «Шыңғыс-1» серіктестігі Новосельский ауылдық мәдениет үйін жөндеуге (бас директоры Юрий Иванович Скубак) 20 миллион теңге бөлді. Ал, ағымдағы жылдың басынан бастап бизнес-құрылымдары менмеценаттар жалпы сомасы 28 миллион 918 мың теңгеге көмек көрсетіп отыр. Тарқатып айтар болсақ, музыкалық және жарық беру аппаратурасына 5 миллион теңгеден астам,сахналық костюмдерге 1,5 миллион теңге, штат бірліктерін ұстау үшін  4 миллион теңгеден астам, іс-шаралар өткізуге 8 миллион теңгеден астам қаражат бөлген. Тағы бір оң мысал, Сандықтау ауданында «Широкое» серіктестігі Широковский ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға 5 миллион теңге бөлді. Ал, Атбасарауданында «Новосельский» ЖШС Новосельское ауылындағы ауылдық мәдениет үйіне 700,3 мың теңгегемузыкалық аппаратура сатып алуға көмек көрсетіпті. Мұндай игі істер әлі де бар.

Тағы бір жағымды жаңалық, облыстың сегіз елді мекенінде мәдени-демалыс нысандарының құрылысы жүріп жатыр.Барлық жобалар екі жылға есептелген.2023 жылы 7 клубтық нысанның құрылысы басталған болса, олар 2024 жылыаяқталуы тиіс.  Аршалы ауданында 2 клубтық нысан, атап айтар болсақ, Аршалы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің ғимараты, Жібек жолы ауылындағы мәдени-демалыс орталығы, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылындағы спорт залы бар ауылдық мәдениет үйі, Бұланды ауданының Никольскоежәне Вознесенка ауылындағы ауылдық мәдениет үйлері, Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласындағы аудандық мәдениет үйі, Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы қолға алынған.

2024 жылы Ақкөл ауданының Азат ауылында мәдени-спорт кешенінің де құрылысы басталды, оны 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Ақмола облысының 1000-нан астам тұрғыны бар 24
ауылында стационарлық мәдени-демалыс нысандарын салу қажет екендігін де атап өтуіміз керек.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар