Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жабай өзенінің арнасы тереңдетіліп, тазартылады - АРҚА АЖАРЫ

Жабай өзенінің арнасы тереңдетіліп, тазартылады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар және Есіл аудандарында болған кезекті жұмыс сапары барысында алдымен, болашақта көктемгі су тасқынына жол бермеу мақсатында қолға алынып жатқан Жабай өзенінің арнасын тереңдету мен кеңейту жұмыстарын тексеріп, пысықтады.

Бүгінде көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Атбасар ауданында жыл сайын арнасынан асып кететін Жабай өзенін тереңдетіп, тазарту қондырғысы жұмыс істей бастады. Өйткені, елімізде келесі жылғы ықтимал су тасқынына дайындық жұмыстары алғаш рет ерте басталып отыр. Облыс әкімі осыдан бір айға жуық уақыт бұрын 87 миллион теңгеге қалқымалы қондырғы сатып алынғанын айтып, өңірді дамыту жобаларын Қоғамдық кеңеске таныстырды.

Аймақ басшысы Марат Ахметжанов шөгінділердің салдарынан өзеннің арнасы тарылып, жылдар бойы су тасқыны орын алып келе жатқан Жабай өзенінің арнасын тереңдету мен кеңейту жұмыстары жарты ғасырға жуық уақыттан бері алғаш рет қолға алынып отырғанын  қадап айтты. Атбасарлық қариялар облыс басшылығымен кездесуде тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілген өткен кезеңдерде өзен арнасы 4-6 метрге тереңдей түскенінде жеткізді. Соңғы онжылдықтарда оны қамыс басып, ортасында аралдар пайда болып, тал-теректер мен қалың өсімдіктермен жабылғандықтан, өзен арнасынан асып, қаланы қайта-қайта су басты. Өз кезегінде облыс басшысы тұрғындардың пікірін тыңдап, басшыларға өзенге мұқият қарауды талап етті.

– Жер снарядының ұзындығы 9 шақырым қашықтықта өзен арнасын сегіз метрге дейін тереңдетеді. Қазіргі уақытта бұл құрылғы сынақ режимінде жұмыс істейді және қозғалтқыш іске қосылуда. Бір-екі күннен кейін өзенді лай мен құмнан толық тазарту жұмыстары басталады. Бұл жұмыс Атбасарға керек-ақ. Су тасқынына дайындық жұмыстарына қазірден инвестиция сала отырып, біз болашақта су тасқынынан болатын зардаптарға кететін миллиардтаған қаржыны үнемдей аламыз, –  деді облыс әкімі.

«Қостанайлық «Фортуна плюс» ЖШС директоры Иван Димов айтқанындай, кәсіпорын осындай жабдықты бұрыннанжасап келеді. Ресей мен Беларусь елдерінен құрал-жабдықтармен жабдықталған жер снарядтары Қазақстанның әртүрлі аймақтарына және шетелдерге жеткізіледі. Соңғы жылдары мұндай қондырғылардың 87-сі сатылды. Олардың әрқайсысы белгілі бір жұмысқа арналған, сондықтан, жабдықтары мен қуаты ерекше. Атбасарға әкелінгені сағатына 800 текше метрге дейін лай суларды айдауға арналған және 120 текше метрге дейін топырақ соруға қауқарлы. Мұндай тазалау өсімдіктердің тамырларын шайып тастайды және олар жай ғана өзен ағынымен жуылады.

– Өзен арнасында лайдың үлкен шөгінділері жиналды, олар судан шығарылғаннан кейін өсімдіктерді қоректендіруге және бетперде жасауға болады. Ал, одан кейінгі құм қабаттарын өзен жағалауларының биіктігін арттыруға пайдалануға болады, – дейді Иван Димов.

ЖШС директоры өзен арнасын тазартқаннан кейін болашақта су тасқынының қаупі барынша төмендейтініне сенімді. Жер снарядтары екі жыл бойы қосалқы бөлшектерді ауыстырмай жұмыс істейді, бірақ, жалпы мұндай қондырғылар өз міндеттерін 40-50 жыл орындай алады.

Атбасар маңындағы су өткізгіш құбырларға жоспарлы жөндеу жұмыстары да болашақта су тасқынының алдын алуға септігін тигізеді. Өзеннен келетін судың белгілі бір көлемін ұстайтын үш су өткізгіш – Сейфуллин, Романов және Даринов құбырлары демонтаждалады. Ал, жөндеу жұмыстарынан кейін олар жабдықталып, қажет кезде су өткізетін болады.

Облыс әкімі атап өткеніндей, жер снаряды Көкшетаудағы Қылшақты өзенінде де қолданылатын болады.

– Мен отыз жыл бойы өзеннің жағалауында тұрдым, үйімді  үш рет су басты. Биыл су кіргендіктен, біз енді жаңа пәтерге көшетін болдық. Бірақ, өмір мұнымен бітпейді, біз болашақ су тасқынының алдын алу үшін осындай жұмыс жүргізіліп жатқанына өте қуаныштымыз. Облыс әкімі халықтың үнін тыңдап, құлақ асқанына ризашылығымды білдіремін, – дейді Атбасар қаласының тұрғыны, зейнеткер Николай Стригун.

Су тасқынынан баспанасыз қалған қала тұрғындары да жаңа баспанаға көшуді күтіп отыр. Олар үшін екі жүз пәтерлі тұрғын үйлер салынып бітті. Бұл үйлер тамыз айының соңына дейін пайдалануға беріледі. «MEDINABuilding» ЖШС мердігер компаниясының қызметкерлері аумақты абаттандыру жұмыстарын аяқтап, тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін соңғы дайындық жұмыстарын жүргізуде. Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, қазірдің өзінде жылу, су және электр желілеріне қосу үшін үшінші үйде жұмыс жүргізіліп жатыр, құрылысшылар болашақ 9 қабатты үйдің төртінші қабатын да көтеруде.

– Күн салқындағанша барлық жұмысты аяқтау қажет, ал, сіздердің міндеттеріңіз жұмыстың сапасын қадағалау, – деп ескертті Марат Ахметжанов аудан әкіміне. – Адамдар жақсы, жайлы баспана алуы керек, онда тұру ыңғайлы болуы керек.

Сондай-ақ, облыс әкімі қалада кезекте тұрғандар үшін салынып жатқан 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Бас мердігер «Интер Юнион Сервис» ЖШС 4-қабаттың ішкі қабырғаларын орнату және ішкі желілерді тарту жұмыстарын аяқтауда. ЖШС директоры Ербол Құмаров атап өткеніндей, жұмыс 40 пайызға орындалған. Құрылыс алаңын аралап шыққан Марат Ахметжанов жұмыс кестесін сақтау керектігін еске салды.

Одан әрі облыс әкімі Есіл ауданындағы құрылыс алаңында болды. Мұнда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Тұрғын үйлер «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС-ның өз қаражаты есебінен салынуда, ал, облыстық бюджет есебінен мұнда жол салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілмекші.

Виктор мен Ольга Кайлиберлер үйлерін су басқаннан кейін алғашқы екі аптада көлікте түнеп шыққандарын тебіреніспен еске алады. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Александр Бирюков Виктордың отбасының баспанасыз қалғанын біліп, ерлі-зайыптыларды өз үйіне тұруға шақырғанын ризашылықпен жеткізді.

– Тасқынды біз өте толғанысты түрде бастан өткердік, әрине, қатты қобалжыдық. Үйді су басты, жиһаздар мен құрылғылар қалқып тұрды. Содан үйдің өзі көз алдымызда құлай бастады. Ел Президентінің, облыс, аудан басшылығының арқасында бізге барлық жеңілдіктер тез арада төленіп, келтірілген шығын өтелді. Қазір біз жаңа үй іздеп жатырмыз. Үйлердің салынуы керемет, кең, жарық. Жаңа қоныс тойын асыға күтіп отырмыз, – дейді Виктор мен Ольга.

Есіл ауданының әкімі Серік Балжановтың айтуынша, бұл өңірде барлығы 188 өтініш беруші ақшалай төлем алған. 37 үй қауіпті деп танылған, оның 19-ы ауылдық жерде, ал, 18-і Есіл қаласында. Су тасқынынан зардап шегушілердің кейбірі жайлы баспанаға көшуге тілек білдірген. Олар үшін «Асар Ақмола» қоғамдық қоры есебінен 16 пәтер сатып алынған. Ал, өз үйінде тұрғысы келетіндер үшін шағын аудан салынып жатыр. Қазірдің өзінде барлық үйлердің қабырғалары көтеріліп, сегізінің төбесі жабылған, қалғандарының қаңқасы, 15 үйдің екі қабатты терезелері мен есіктері орнатылған. Елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес, бұл үйлер орталықтандырылған су құбыры мен инфрақұрылымы бар, жайлы шағын ауданда салынуда.

Облыс әкімі атап өткеніндей, құрылысты тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. «Конституция күні мерекесіне үйлеріңіздің құрылысы бітіп қалуы тиіс, – деді Марат Ахметжанов Кайлибер отбасына.

Владислава КОКОРИНА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Атбасар, Есіл аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар