Жобаның тиімді тұстары көп

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдық аумақтарды дамыту үшін қарастырылған. Бұл жоба 2019 жылы бастауалған болатын. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде тірек ауылдарда қалалық деңгейге жақын етіп, жайлы орта құру көзделген.

Осы арнайы жобаның аясында ауданда бірнеше жобаларды іске асыру көзделген.Соның бірі – аудан орталығы Аршалы кентінде 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Жобаны іске асыру кезеңі 2023-2024 жылдарға белгіленген. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 736 298 мың теңге қаржы бөлініп, 8 уақытша жұмыс орны құрылған. Қазіргі уақытта екінші қабаттың қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, Жібек жолы ауылында 150 орындық демалыс орталығы салынып жатыр. Жоба жоспар бойынша биыл іске асырылуы тиіс. Биылғы жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 400 000 мың теңге, облыстық бюджеттен 100 000 мың теңге бөлінген.

Сонымен қатар, Қостомар кентінде де инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы қолға алынуда. Бұл 2025 жылға арналған жаңа жоба. Мұнда республикалық бюджет есебінен  51,9 шақырымдық электр желілерін тарту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Анар ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу жобасы бойынша ғимараттерезелері ауыстырылып, жаңа жылыту жүйесі тартылған. Блок-модульдік қазандық орнатылып, едендер мен сахна жаңартылған. Оған қоса, аумақты абаттандыружұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ,Жалтыркөл ауылындағы кентішілік жолдарды күрделі жөндеуге де ауқымды қаражат бөлінген көрінеді. Сондықтан, ауылды көркейтуге арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасының тиімді тұстары көп десек, қателеспейміз. Тек осы мүмкіндікті тиімді пайдалана білсек болғаны.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар