Жастар мерекесіне – 10 күндік белсенді іс-қимыл

Облыс орталығы көшелерін қоқыстан тазалау мақсатында және Жастар күнін мерекелеу қарсаңындағы онкүндік аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.

Іс-шара қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталып, «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеуді көздеді. Акцияға облыстық «Жастар-ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен «Жасыл ел» ұйымыныңерікті жастары қатысты.

– 12 тамызда Жастар күні атап өтіледі. Осы орайда, еліміздің барлық өңірлерінде он күн бойы түрлі шаралар ұйымдастырылмақшы. Бұл игі істен Ақмола облысы да тыс қалған жоқ. Әр күн арнайы бір тақырыпқа арналатын болады. Атап айтсақ, 3 тамызда өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары және аудандардың әкімдіктері мен жастар-ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен саябақтар, көшелер, өзен-көлдердің жағалаулары және тағы басқаорындар тазаланды.

Ақмола облысы жастар-ресурстықорталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияға 200-ден аса адам қатысып, 500 килограмға жуық қоқыс жиналды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар