Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы саласына - әкімнің жаңа орынбасары - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы саласына – әкімнің жаңа орынбасары

Кеше Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Мұрат Сағатұлы Балпан Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мұрат Сағатұлы Балпан 1970 жылы туған. Ақмола облысы Ақкөл ауданының тумасы. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін және Омбы гуманитарлық-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақкөл ауданы «Хлебороб» кеңшарының құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. 1989-1994 жылдары Ақкөл ауданында ауыл шаруашылығы өндірісінің әртүрлі жауапты лауазымдарында жұмыс істеді. 1994-1998 жылдары Ақкөл ауданы Наумов ауылдық округінің әкімі болды.

1999-2000 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің консультанты, Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. 2000-2008 жылдары Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары, 2008-2009 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Шаруашылық басқармасы» филиалының бөлім бастығының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ департаментінің директоры, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің тергеу департаменті мемлекеттік органдарының бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды тергеу басқармасының бастығы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, 2012-2014 жылдары Бұланды ауданының әкімі болды.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2015 жылдан 2017 жылға дейін Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. 2017-2021 жылдары Жарқайың ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы болды.

Осы тағайындауға дейін Аршалы ауданының әкімі қызметін атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар