Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі  Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі  Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері, құрметті ардагерлер!

Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Кез-келген қоғамның, кез-келген мемлекеттің дамуы үшін құрылысшы мамандығының маңыздылығын жете бағаламау мүмкін емес. Жобалаушылардың, инженерлердің, құрылысшылардың, монтажшылардың және басқа да көптеген осы сала мамандарының еңбегінің арқасында облысымызда жыл сайын жаңа мектептер мен медициналық ұйымдар, тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар салынуда. Сондықтан, құрылысшы мамандығы қашанда абыройлы және сұранысқа ие болмақшы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағы үшін құрылыс саласын дамытудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бүгінде құрылыс саласын қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала береді, өйткені, әрбір жаңа нысанның артында жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтарымыздың өмір сүру сапасы артып, қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы жақсаруда.

Мұның бәрі құрылыс саласының мыңдаған жұмысшыларының – құрылыс алаңдарында жұмыс істейтін құрылыс шеберлерінің, мердігер ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің, тиісті бөлімше мамандарының жауапты және адал еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр. Осынау маңызды салаға кәсіби шеберлік пен қажырлы еңбектің арқасында биіктен көрінген ардақты ардагерлеріміздің қосқан үлесі орасан зор.

Осы кәсіби мерекеде олардың барлығына шын жүректен алғыс айтқым келеді.

Құрметті жерлестер!

Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен жұмысқа жауапкершілікпен қарауларыңыздың арқасында Ақмола облысының барлық аймақтарында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып, маңызды инфрақұрылымдық, әлеуметтік және өндірістік жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінгі біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйлерді тиімді әрі уақытылы салу. Сіздердің ынта-жігерлеріңіз бен кәсібиліктеріңіздің және өз істеріңізге жауапкершілікпен қарауларыңыздың арқасында біз бұл міндетті орындайтынымызға сенімдімін.

Осы қуанышты күні Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жасампаздық жұмыстарыңызға жеміс, бақ-береке мен өсіп-өркендеу тілеймін! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға лайым бақыт, бейбітшілік пен жақсылық серік болсын!

***

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 Кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Әр заманда  құрылысшылардың еңбегі ерекше құрметке ие болды. Сіздерді «тастағы тарихты» жасаушылар деп те атайды.Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында денсаулық сақтау және әлеуметтік сала нысандары салынуда, жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар пайда болып, тұрғын үй қорының құрылысы мен жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.Бүгінде сіздер Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласы мен өзге өңірлерінің заманауи келбетін қалыптастыруға зор үлес қосып келесіздер.

Депутаттық корпус атынан Сіздерге қиын да жасампаз еңбектеріңіз бен сүйікті істеріңізге адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін. Өз өмірлерін құрылыс саласымен байланыстырған жандардың барлығына зор денсаулық, мол бақыт, амандық, қажырлылық және жаңа биіктерге жетуде табыс тілеймін! Жақсылықпен абырой-құрметке бөлене беріңіздер!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар