Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әрбір жаңа тұрғын үй мен ғимарат сапа қағидасынан бастау алуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Әрбір жаңа тұрғын үй мен ғимарат сапа қағидасынан бастау алуы тиіс

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өз қызметін «Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және құрылыс саласындағы басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма қызметінің негізгі бағыты Ақмола облысының аумағында салынып жатқан нысандардың сапасын бақылау, сондай-ақ, лицензиялау және аттестаттау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады. Мәселен, 2024 жылдың алты айы ішінде басқарма 58 жоспардан тыс тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы 41 ұйғарым берілді, оның ішінде мемлекеттік объектілер бойынша нысандарды пайдалануға қабылдаудың 451 актісі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 561 хабарлама қаралды. Басқарма 74 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдады. Жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 12 мердігер ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын 2 тұлға жауапкершілікке тартылды. Жобалық және рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 28 құрылыс субъектісіне де шара қолданылды.

Жалпы, 2024 жылы басқарма 23 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды. 22 әкімшілік іс соттарға қарау үшін жіберілді. Мемлекеттік тапсырыс объектілері бойынша құрылыс-монтаждау сапасын тексеруде елеулі бұзушылықтар анықталды. «Әділдік жолы» РҚБ-ның «Ер-Қанат Сервис» СК» серіктестігіне қатысты жасаған өтініші негізінде Біржан сал ауданы Бұланды ауылында 80 орындық мектеп салу, Сандықтау ауданы Петровка ауылында да 80 орындық мектеп салу объектілері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің бұзылуы анықталды. Осыған байланысты, «Ер-Қанат Сервис» СК» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК 312-бабының 2-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Осыған ұқсас фактілер Бестөбе кентінде 300 орындық мектеп салу, Зеренді кентінде 45 пәтерлі тұрғын үй салу кезінде анықталды.

Сондай-ақ, басқарма құрылыс саласында лицензиялау және аккредиттеу бойынша 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді, авторлық, техникалық қадағалауларды жүзеге асыруға, жобаларға сараптама жасауға және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруге сарапшыларды аттестаттауды жүргізеді.

2024 жылдың өткен кезеңінде жобалық, іздестіру қызметіне, сондай-  ақ, құрылыс-монтаж жұмыстарына 72 лицензия берілді және қайта ресімделді. Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді, яғни, техникалық, авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру, сондай-ақ, жобаларды сараптауды жүзеге асыру құқығына сарапшының 30 аттестаты берілді және қайта ресімделді.

Біліктілік талаптарына, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес келмеуіне байланысты 78 өтініш берушіге, оның ішінде 13 лицензиялау, 38 аттестаттау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның ішінде лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу республика Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 1-бөлігінің 464-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Мұны әрбір қызмет алушы білуі шарт.

Құрылыс секторы Ұлттық экономика құрылымында маңызды орын алады және біздің мемлекетіміздің даму драйверлерінің бірі болып табылады. Бұл салада Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, құрылыс саласында мемлекеттің мүдделерін қорғау құралы ретінде әрекет етеді.

Осыған байланысты тапсырыс берушілерге мердігерлердің жұмысына бақылауды күшейтуді және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына осы жайында дереу хабарлауды сұраймыз.

Сонымен қатар, заңсыз құрылыс мониторингі бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу, мұндай фактілер анықталған жағдайда ақпаратты Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына уақытылы жіберу, құрылыс барысында мердігерлік ұйымдардың ұйымдастырушылық-технологиялық және жобалау құжаттарын сақтауына бақылауды күшейту қажет. Аяқталмаған жұмыстарымен не бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқуларымен объектілерді қабылдауға жол берілмеуі тиіс. Сапалы әзірленбеген жобаларды бекітуге жол бермеу, жобалау-сметалық құжаттаманы дұрыс әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде «Халықтың аз қорғалатын топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» мемлекетаралық құрылыс нормаларымен регламенттелген талаптардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету де басты міндет. Басқарма осы бағыттағы жұмысты тұрақты бақылауда ұстайды және дәйекті жалғастыра беретін болады.

Бахыдбек ОСПАНБЕКОВ,
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар