Жастардың республикалық мектебі жұмыс істеді

Төрт күн бойы «Зеренді саябағы» орталық қоғамдық ұйымының базасында Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған республикалық жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі  жұмыс істеді.

Аталған мәдени-танымдық шараның ойдағыдай өтуіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының  өкілдері  мұрындық болды. Мектептегі сабақтардың  мақсаты Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуді пысықтауға, осы салада ұсынылатын құралдар мен ұсынымдарды іс жүзінде қолдану арқылы қоғамдық бақылау тетіктерін зерделеуге, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдарын еңсеру стратегияларын айқындауға  бағытталған.

Мектепте барлығы 30 адам – жастар қоғамдық бірлестіктерінің, «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының, Астана, Көкшетау қалалары мен облыс аудандарының жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері  білім алды.

Шараның ашылу салтанатында Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру департаментінің басшысы Мирас Қарғабай белсенді жастар алдында сөз сөйледі. Ол өзінің құттықтауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің жұмысы барысында жастардың елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы ақпараттандырылуын арттыру жоспарланып отырғанына  назар аударып, бұл неліктен маңызды деген сұрақтарға  тоқталып,  сыбайлас жемқорлықты тежеу және осыүрдісте  жастардың рөлін атапөтті. Салтанат барысында Агенттік департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова, Зеренді ауданы әкімі аппаратының   басшысы Арман Хайдар, есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау департаментінің маманы Сәуле Төлеусаринова, Астанадағы АҚШ Елшілігінің өкілі де  құттықтау сөз сөйлеп, мектептің  табысты   жұмыс істеуіне тілектестіктерін білдірді.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл біздің облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектепті ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықты құбылыс ретінде қабылдамауға бағытталған нақты білім ала отырып, оны жастар аудиториясы арасында тарата алады, ал, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті көзқарас қалыптастырады деп болжануда.

Қайрат ҚАЗИӘКПАРОВ.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар