Ата-баба рухына тағзым етіп, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру елді бірлікке, ағайынды татулыққа бастары сөзсіз. Осы ұстанымды өмірлік қағидасы санайтын Шүйіншәлі ата ұрпақтарымен биылдың өзінде екі мәрте бас қостық. Шілде айында Жақсы ауданынан келген қырық шақты ағайындарымызды Шұңғыршаның Шұғыл және Жарасқұл ұрпақтары Ақан ауылында дастархан жайып, құшақ жая қарсы алды. Ауыл зиратында жерленген бабалар рухына Құран бағышталып, мешітте ас берілді, ескерткіш тас орнаттық. Ондағы өлең шумағын Ақан Сыздықов жаздырды.
Міне, біржарым ай өткеннен кейін 16-18 тамызда Есіл өзені бойындағы Қазақстан ауылына арнайы шақыртумен бардық. Бірнеше жеңіл автокөлікпен Көкшетаудан келген 80 адам мәдени-сауықтыру шараларына қатыстық. Әулетіміздің ақсақалдары Шияп Әлиев, Бақыт Шылымов, Асылбек Есмағамбетов, Дуанбай Ыбырай, Тоқтар Ыбыраев, Дәулетбек Мырзабеков, Жанарбек Оразалин, Жаңбыршы Есмағанбетов, Бурабай Марамов, Самат Әлиев, Баймұрат Ибраев, Әлия Әшімова, Тастан Мұқажанов, Елубай Тасжанов, Жанболат Әбішев, Сейтқали Серікжұбайы Шынармен Рудный қаласынан, Мереке Рахметов, Әбдір Әлібеков, Өміртай Жүсіпов, Беркінбай Жақсылықов, Өтелбай Төлебеков, Данияр Махметов, Рахима Махметова, Ақлима Мұқашева, Нұржан, Марат, Әділ Лекеровтер, Тасболат Әубәкіров, Ерсайын Мақтаев, Саят Әлкен, Жандос Қабылов, Бағлан Едрисов бастаған топпен шабандоздар мен палуандарымыз да бірге барды.
Шүйіншәлі ұрпақтары Қазақстан ауылының жанындағы табиғаты тамылжыған жазық далада өткен мәдени шараға жан-жақты дайындалыпты. Меймандарға арнап 15 киіз үй құрып, 2 алтыбақан орнатыпты. Үлкен дөннің үстінде Шүйіншәлі баласы Жаманша атаға ескерткіш тас қойылды. Ал, бабамыздың зираты бір шақырым жерде, көрініп-ақ тұр. Міне, барлық жиын – ат жарыс та, күрес те, спорттық ойындар да осы жерде өтті.
Бабаларымыздың рухына арнап, молдалар құран бағыштады. Одан әрі әдеттегі тойлардағыдай, тарихи көріністер көрсетілді. Сахнаға шыққан Баубек батыр мен Жаманша атамызтөс қағыстырып, қауышты. Торғай және Көкшетау өңіріне танымал өлкетанушы, шежіреші қаламгер Мейрам Сақышев кіріспе сөз сөйлеп, көне тарихтан сыр ақтарды.
Осыдан 170 жылдай бұрын Есіл бойына барған Шұңғыршаның үлкен ұлы Шүйіншәлі ұрпақтары өздеріне ұнаған кәсіпшілікпен айналысып, осы өлкеде тұрақтап қалды. Жергілікті тұрғындар да оларды жатсынбай бауырларына басты. Ал, Торғай өңіріне көшіп келулерінің басты себебі – 1840-1850 жылдары Имантау мен Шалқарға дүркіреп көшіп келген орыстар мен татарлар жергілікті тұрғындарды бірте-бірте ығыстыра бастады. Сөйтіп, Шүйіншәлі ұрпақтары Баубек батырды сағалап, Торғай өңірінен жерұйық тапса керек. Ал, Жарасқұл мен Шұғыл балалары Ақан, Баратай, Кенащы, Қоскөлде тұрақтап қалды.
Көкшеден барған топтың атынан «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Шияп қажы Әлиев, Шүйіншәлі, Жарасқұл мен Шұғыл ұрпақтарының атынан Төлеген Сыздықов, Асылбек Есмағамбетов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, ауған жауынгерлері облыстық ұйымының төрағасы Дуанбай Ыбырай сөз сөйледі. Аталған шараны ұйымдастырушылардың бірі ретінде мен, Ақан Сыздықов жүрекжарды лебізімді білдірдім.
Әлбетте ағайындар бас қосқан жиын сәні бір-біріне сый-сияпат жасау ғой. Ата салтымызды сақтай отырып, біздің делегация құндыз жағалы үш шапанды Төлеген Сыздықов, Мәдөш Абдуалиев, Мұрат Құмаровтың иығына жаптық. Дуанбай бауырым маған қол сағатты сыйласа, ауғандық қозғалыс атынан үш медальды Қазақстан ауылының тумасы, салтанатты шараны ұйымдастыруда асқан белсенділік танытқан Манат Құмаровқа, Нұрлан Абдулаев пен Дастан Жақыповқа тапсырды.
Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген бәйге, қазақ күресі, қошқар, кір көтеру, теңге алу жарыстары тартымды өтті. Мәселен, қазақ күресінен өткен белдесуге 80 палуан қатысып, жүлделі үш орын алғандардың әрқайсысы 50, 100, 150 мың теңгені олжалады. Нарымбай ата атындағы жүлдені иемденген түйе палуанға 1 тай, жастар арасындағы Ханкелді батыр жүлдесінің иесіне 100 мың теңге тарту етілді.
Манат Құмаровтың қолдауымен өткен аламан бәйгеде бірінші орын алған шабандозға Наурыз батыр жүлдесіне қоса, белбеуімен 700 мың теңге табысталды, ал, екінші-үшінші орынды еншілегендер 500-300 мың теңгеден сыйақы алды. Төрт шақырымдық қашықтықта жеңімпаз атанған үш шабандоз 200-100-70 мың теңгені олжалады, он шақырымдық қашықтықта бәйге төрінен көрінген шабандоз Ағынтай ата кубогына қоса, 400 мың теңгені, екінші орын иесі тайды, үшінші орын иесі 150 мың теңгені ұтып алды. Оларға жүлдені Ибраһим Балтабай табыс етті.
Қошқар көтеруде Қазақстан ауылы тұрғынының бағы жанды. Оған Бұғыбай палуан атындағы жүлдемен белбеуіне қоса, 150 мың теңгені Мейрам Сақышев тапсырды. Көкпар сайысында Құттыбек ата атындағы жүлдені иемденген жігіт белбеуге қоса, 500 мың теңгені Ербол Сарыбайдың қолынан алды.
Мәдени шараны ұйымдастыруға Марат Құмаров, Төлеубек Әлімов, Ибраһим Балтабаев, Асхат Мағауин, Ыдырыс Ғабдуллин, Дастан Жақыпов, Қажымұрат Тоқбергенов, Олжас Жақыпов, Мирас Қазиев, Алма Жақыпова, Арман Мұқыжанов, Мейрам Мұқышев, Ғосман Қожахметов, Жанат Қожахметов, Қайсар Құсайынов, Сәкен Ахметов, Серік Қаппасов, Қалиясқар Жұмабаев, Сәкен Ақыбаев, Нұрлан Абдуахитов, Амантай Құсайынов және көпірді салуға белсенділік танытқандары үшін Қазақстан ауылының жігіттері Ерлан Нұрбеков,Нұрлан Мұхамеджанов, Қайрат Қожахметов, Жасұлан Әзірбақұлы, Қуаныш Кенесұлы, Олжас, Алмаз, Манас Жақыповтар, Оспан Асқарұлы, Мадияр Сақтағанов, Қайрат Құмаровтарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Ел мен елді табыстырып, өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу жолында тағылымы мол осы мәденишараны жоғары деңгейде өткізуге қамқоршы болған аудан әкімі Алмагүл Қадыралина ханымға, аудандық мекемелердің басшыларына Шұңғырша әулетінің атынан ізгі лебізімізді білдіріп, еңбектеріне табыс тілейміз.
Ақан СЫЗДЫҚОВ,
мемлекеттік қызметтің ардагері.
Жақсы ауданы.