Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қызмет» салалық кәсіподағы өз жұмысын саралады - АРҚА АЖАРЫ

«Қызмет» салалық кәсіподағы өз жұмысын саралады

Жуырда «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының ХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті.

Онда «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов делегаттарды өткен есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды.

– Бізді кезекті XII съезге дайындық бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бүгіннен бастап салалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру сайлау науқаны басталды.Осы жылдар бойы біз кәсіподақ жұмысын жетілдіру, «Қызмет» кәсіподағының тартымдылығын күшейту және беделін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп келеміз. Еңбек ұжымдарында корпоративтікрухты нығайту, жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік диалогты қолдау, құқықтар мен мүдделерді қорғау, еңбекақыны арттыру және қызметкерлерді сауықтыру – біздің қызметіміздің басты бағыттары, – деді бұл орайда, кәсіподақ төрағасы.

Әрі қарай «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Боранбай Бегалин есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол жұмыстың маңызды бағыттарын, кәсіподақ ұйымының сала қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шаралары мен бастамаларын айта келе, кәсіподақ мүшелерінің еңбек мәселелерін шешу жәнеәлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету бойынша филиалдың қызметі қалай жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте, жиналғандардың назарын филиалдың есептібес жыл ішіндегі жұмысы әлеуметтік әріптестік негізінде құрылғанына аударды. Ал, конференция делегаттары филиал жұмысын талқылауға белсене қатысып, қанағаттанарлық деген баға берді.

Сонымен бірге, тексеру комиссиясының төрайымы Ирина Карагаеваның есебі тыңдалып, бекітілді. Одан әрі бекітілген күн тәртібіне сәйкес қатысушылар «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасын сайлау мәселесіне көшті.Сөйтіп, конференция мүшелерінің ашық дауыс беруімен Боранбай Бегалин жаңа мерзімге «Қызмет» салалық кәсіподағыАқмола облыстық филиалының төрағасы болып бірауыздан қайтасайланды. Ол кезінде Көкшетау қалалық мәслихатының үш шақырылымының депутаты, 5-ші шақырылымдағы Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы және Көкшетау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болған. Оған қоса, филиал төрағасының орынбасары, тексеру комиссиясының құрамы, филиалдың атқарушы комитетінің мүшелері мен «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ съезіне делегаттар сайланды. Конференция соңында кәсіподақтың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар