Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аймақтық шығармашылық байқауы туралы ЕРЕЖЕ - АРҚА АЖАРЫ

Аймақтық шығармашылық байқауы туралы ЕРЕЖЕ

«AMANAT» партиясы
аймақтық филиалы төрағасының
2024 ж. «__» ____________№ ___ бұйрығына
1-қосымша

 Жалпы ережелер

 «AMANAT» партиясыаймақтық және Астана, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқауын (бұдан әрі –байқау)өткізеді.

  1. Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерінжәне тәртібін айқындайды.
  2. Байқаудың мақсаты –қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсете отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру.
  3. Тақырыптық ұсыныстар:
  • Өз шығармасына ұлттық бірегейлікті арқау ете отырып, тыңтақырыптарды көтеру және жаңа образдарды сомдау;
  • Адам құқығы мен шынайы құндылықтарды өзек ету;
  • Мемлекет басшысыҰлттық құрылтайда ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымындағыидеялар мен құндылықтардыкеңінен ашу;
  • Жастарды отаншылдыққа, төл тарихы мен ана тілін қадірлеуге, кітап оқуғашақыру;
  • Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау.
  1. Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясының аймақтық филиалы (бұдан әрі – ұйымдастырушы).
  2. Аймақтық шығармашылық байқауды өткізуді үйлестіру жұмыстары аймақтық ұйымдастыру комитетіне (одан әрі – аймақтық ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Аймақтық ұйымдастыру комитетінің құрамы аймақтық партия филиалы төрағасы/атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
  3. Аймақтық ұйымдастыру комитеті:
  • жергілікті жердегі танымал қаламгерлер мен партия басшылығынан құралады;
  • байқауды өткізу тәртібін анықтайды;
  • байқауға қажетті құжаттарды әзірлейді;
  • байқаудың басталуы туралы партияның аймақтық филиалдарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және облыстық БАҚ-та хабарлама жариялайды;
  • байқауға қатысушы үміткерлерден материалдар жинақтайды;
  • келіп түскен материалдарды ереже тәртібіне сай іріктеуден өткізіп, аймақтық байқау комиссиясына жолдайды.
  1. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің жалпы құқықтары:
  • осыереженіңталаптарыменшарттарынасәйкесболмаған жағдайда үміткердібайқауға қатыстырмау;
  • байқаудың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау;
  • байқаудыңнәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуінежол бермеу;
  • аймақтық ұйымдастыру комитеті байқауға ұсынылған шығармалар арасында байқау шарттарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
  1. Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау жас жазушылар мен ақындар арасындағы шығармашылық байқауын өткізу жөніндегі аймақтық байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі және байқау комиссиясы партияның аймақтық филиалында құрылады.
  2. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партия филиалдарыныңәлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
  3. Байқауды өткізу тәртібі
  4. Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма»номинациясы бойынша өткізіледі.
  5. Әрбір номинацияға үш орыннан (І-ІІ-ІІІ) қарастырылады;
  6. Сонымен қатар, Сәкен Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойына арналған Ақмола облыстық филиалының арнайы жүлдесі қарастырылған.
  7. Үш номинация бойынша және облыстық филиалдың арнайы жүлдесі бағалы жүлделерімен мараппатталатын болады.
  8. Аймақтық ұйымдастыру комитеті келіп түскен шығармаларды бүркеншік атаумен аймақтықбайқау комиссиясының қарауына жолдайды.
  9. Шығармалар 2024 жылы 19тамыз күні сағат 9.00-ден 20қазан күні сағат 18.00-гедейін қабылданады.
  10. Байқауға қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінім қатыстырылмайды.
  11. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы         21-27қазанаралығындақарайды.Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқаукомиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
  12. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі.
  13. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі
  14. Байқауға18-ден45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
  15. Бір автор/авторлартобы тек бір номинацияға қатыса алады.
  16. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.
  17. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеуқойылмайды.
  18. Байқауғабұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды.
  19. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін«Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
  20. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
  21. Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды.
  22. Автор/авторлар байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып:
  • осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
  • ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
  • ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
  1. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 30, «Поэзия» номинациясына10,«Балаларға арналған шығарма» номинациясына20беттен аспайтынжұмыстарқабылданады.
  2. Байқау жұмыстарыА4 форматында, Times New Rоman қарпімен,14 мөлшерде,1,0 аралықта терілуі керек.
  3. Байқауға жіберілетін материалдар:
  • Шығармалар бүркеншік атпен партияның аймақтық филиалының koken@amanatpartiasy.kzэлектрондық мекенжайына жолданады.
  • Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;
  • Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzy_proza;
  • Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzy_ГүлнәрСейітқазыдеп сақтауы керек.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асады.
  2. Аймақтық байқау комиссиясының құрамына жергілікті жердегі танымал қаламгерлермен ғалымдар,мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.
  3. Аймақтық байқау комиссиясының құрамы аймақтық партия филиалының төрағасы/атқарушы хатшысыныңбұйрығымен бекітіледі.
  4. Аймақтық байқау комиссиясы дауыс беру парағын бекітеді.
  5. Аймақтық байқауға қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде аймақтық байқаукомиссиясы мынадай критерийлерді басшылыққа алады: байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, байқауғаұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлықтұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, баяндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.
  6. Аймақтық байқау комиссиясының байқау талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарамауға құқығы бар.
  7. Аймақтық байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады.
  8. Аймақтық байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
  9. Аймақтық байқау комиссиясы жүлдеге лайық деп таныған шығармалардың ерекшелігі туралы берген пікірі мен бағасы марапаттау кешінде жарияланады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар