Елу мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ерғали Шорин алғашқы жарты жылдықтың жұмыс қорытындылары туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Ақмола облысы бойынша биыл пайдаланылмай жатқан 50 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Дегенмен, әлі де 150 мың гектар жер мақсатсыз пайдаланылуда. Алдағы уақытта ол алқаптар да мемлекет меншігіне қайтарылмақшы. Бүгінгі таңда осы бағытта қажетті жұмыстар атқарылып жатыр.

Департамент биыл 84 мың гектар аумаққа 150-ге жуық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 120-ға жуық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, 31 жер пайдаланушыға 4 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

–Аудандар мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдар мен жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарға қатысты 58 нұсқама берілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы комерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты заң бұзушылықтарды жою туралы 4 ұйғарым берілді, – деді өз сөзінде Ерғали Шорин.

Жайылымдық жері бар, бірақ, мал шаруашылығымен айналыспайтындар жерлерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарып жатыр. Осындай жерлерге тексеріс жүргізіледі. Қазіргі уақытта 12 арыз қаралу үстінде. Оның ішінде 7 талап арыз 20 мың гектар жерді мәжбүрлеп алып қоюға қатысты. Ал, 5 талап арыз жерді жалға беру шартын жарамсыз деп тану бойынша түсіп отыр.

Жалпы, департаментке есепті кезеңде 900-ден астам өтініш түсіп, оның 700-ге жуығы қаралған көрінеді.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар