Паразиттік аурулардан сақ болған жөн

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омархановтың паразиттік инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндаған брифингі болып өтті.

2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша облыста паразиттік және трансмиссивті аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Паразиттік аурулар бойынша облыстық көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге төмендеді

Облыс бойынша паразитті құрттардың, яғни, гельминтоздың 320 жағдайы тіркелген. Оның ішінде ішек протозойлық инвазияларының 60-қа жуығы бар. Энтербиозбен сырқаттанушылықтың 241, эхинококкозбен сырқаттанушылықтың 2 жағдайы тіркелді.

Алдыңғы көрсеткіш Бурабай ауданында 2,7 есе, Ерейментау ауданында 2,1 есе, Біржан сал ауданында 2 есе, Жарқайың ауданында 1,4 есе, Көкшетау қаласында 1,3 есе, Шортанды ауданында 1,2 есе және Аршалы ауданында 1 есе артқан. Бұл облыстық көрсеткіштен жоғары, – деді өз сөзінде Серік Омарханов.

Брифингте энтеробиоздың алдын алу үшін келесі санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу ұсынылды. Балаларды жеке бір рет қолданылатын сүлгілермен, төсек-орынмен, сұйық сабынмен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, тіс щеткаларын және ауызды шаюға арналған жеке құралдарды, жууға болатын ойыншықтарды пайдалану, пластмасса және резеңке ойыншықтарды күніне кемінде бір рет ыстықсумен және сабынмен жуу, қуыршақтардың киімдерін жуу және үтіктеу, жұмсақ ойыншықтарды күн сайын ашық ауада желдету арқылы шаңнан тазалау немесе кемінде 25 сантиметр қашықтықтан 30 минут бойы бактерицидтік шамдармен сәулелендіру, тазалау жабдықтарын таңбалау. Балалардың жеке заттарын қолданғаннан кейін ыстық сумен және дезинфекциялау құралдарымен жуу.

– Мектепке дейінгі мекеме басшыларының топтардағы санитарлық-гигиеналық жағдайға бақылауды әлсіретуі жұқпалы гельминттердің пайда болуына және таралуына жол беріп отыр, – деп түйіндеді брифингте өз сөзін баяндамашы.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар