Киберқылмыстар бірінші орынға шығып отыр

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіповтің қатысуымен өткен депутаттық әдеп, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында өңірдегі интернет-алаяқтықтың жағдайы және киберқылмыстың алдын алу шаралары қаралды.

Тұрақты комиссияның төрағасы Павел Безвербный атап өткеніндей, интернет-алаяқтар қазақстандықтарға үлкен зиян келтіруде. Заманауи технологиялардың дамуы, сондай-ақ, тез өзгеретін ақпараттық орта алаяқтықтан қорғау процестеріне жақсы түсіністік танытып, белсенді қатысуды талап етеді. Сондықтан, отырысқа бірқатар мемлекеттік органдардың, соның ішінде облыстық полиция департаментінің, цифрландыру басқармасының, «Smart Aqmola» КММ, кәсіпкерлер палатасының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері шақырылды.

Криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Сағандық Жантеміров ағымдағы жылдың басынан бастап, облыс бойынша алаяқтықты тіркеудің 38,4 пайызға, 834 істен 1154 іске дейін өсуіне жол берілгенін хабарлады.  Оның ішінде 715 факт – интернет-алаяқтық. Қылмыстың ашылуы – 17,4 пайыз. 2023 жылы бұл көрсеткіш 12 пайызды құраған. Алаяқтықтың ең көп саны Көкшетау қаласында – 299 факт. Қосшы қаласы және Бурабай ауданында 81 фактіден, Степногорск қаласында 63 факт тіркелген.

Ағымдағы жылдың басынан бері интернет-алаяқтықтың 110 фактісі ашылып, сотқа 54 қылмыстық іс жіберілді, оның ішінде ауыр санат бойынша – 37 іс қаралды. 84 жағдайда мемлекеттік қызметшілер алаяқтықтың құрбаны болды, сондай-ақ, ірі және шағын кәсіпорындардың, қызмет көрсету саласының қызметкерлері, жұмыссыздар да зардап шекті. Интернет-алаяқтықтың өсуі интернет желісін пайдалану және ұялы байланыс арқылы қызмет көрсету, сондай-ақ, банктердің онлайн-кредиттеудің жүйесін жеңілдетуі арқылы жасалатын қылмыстар санының артуымен түсіндіріледі.

Осыған байланысты депутаттар киберқылмыстардың нашар ашылу себептеріне назар аударып, полиция қатарын IT-мамандармен үнемі толықтырып отыру, банктік және өзге де қарыздарды ресімдеу үдерістерін бақылау, халықпен алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл жұмыс тек полицейлерге ғана қатысты емес.

Осыған байланысты клиенттерді алаяқтардың қол сұғуынан қорғау жөніндегі жұмыс туралы «Қазақстан Халық банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Бейбіт Ахметовтың есебі де тыңдалды.

Қазіргі жағдайды талдай келе, депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізді. Тұрақты комиссияның осы жөніндегі қаулысы тиісті уәкілетті органдарға жолданатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар