Қабылдау
Өткен сейсенбі күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер мәселелері және тағы басқа сұрақтар көтерілді.
Іс-шара соңында өңір басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық көтерілген мәселелер белгіленген заңнамалар шеңберінде өз шешімін табады, мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың проблемаларын уақытылы назар аудару және шешу қажеттігі ескертіліп, тиісті тапсырмалар берілді.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.