Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Осыған орай, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Есіл қаласында су басу аймағында қалған отбасыларға пәтер кілттері табыс етілді.
– Біз қуанышты оқиғаның куәсі болдық – 21 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Өкініштісі, су тасқыны Есіл өңірін де айналып өтпеді. Облыста да, ауданда да су тасқынының зардабын жою жұмыстары қызу жүргізілді. «Асар Ақмола» қорының пәтер сатып алуының арқасында қазірдің өзінде 16 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды. Ал, бүгін жаңадан келген тұрғындар кең, жарық, жылы үйлердің кілтіне ие болды. Жұмыстың барысы мен сапасын бақылауды мемлекеттік органдар ғана емес, есілдіктердің өздері де жүргізді. Бұл көше бүтін бір шағын аудан құрылысының бастауы болмақ. Алдағы уақытта жаңа пәтерлерде тек қуанышты оқиғалар бола берсін, – деді аймақ басшысы.
Айта кету керек, жаңа тұрғын үй құрылысын «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізді. Әр үйдің ауданы 85 шаршы метрді құрайды. Су басуға жатпайтын жерлерде құрылыс салуға жер учаскелері бөлінді. Барлық үйлер тұрмыстық техникамен, электр қуатымен, сумен және кәріз желісімен жабдықталған. Жаңа баспана иелері өз әсерлерімен бөлісті.
– Мен көптен күткен үйімнің кілтін алғаныма қуаныштымын. Мемлекет басшысына және бізге көмек пен қолдау көрсеткендердің баршасына шын жүректен алғысымды білдіремін. Су тасқынынан зардап шеккен біз үшін бұл шын мәнінде айтулы күн, – деп ойымен бөлісті Есіл қаласының тұрғыны Наталья Орехова.
Осыған дейін Атбасар және Бұланды аудандарының тұрғындары да жаңа үйлерге ие болған еді. Ал, 1 қазанға дейін облыстағы су тасқынынан зардап шеккендердің барлығы жайлы баспанамен қамтамасыз етіледі.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аудан халқымен есеп беру кездесуінде бірнеше рет түйткілді мәселелерге назар аударды.
Есіл ауданы ірі астықты өңірлердің бірі болғанымен, мұндағы өнеркәсіп жеткілікті деңгейде дамымаған. Сондықтан, шағын кәсіпорындарды, оның ішінде астық өңдеуді ілгерілету жұмыстарын жүргізу қажет. Биыл облыстың агроөнеркәсіптік кешенін мемлекеттік қолдауға 9,8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, оның 2,2 миллиарды қайтарымсыз қаражат.
Жеңілдікпен қаржыландыру ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуі тиіс. Бөлінген қаржы ауыл шаруашылығын дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталуы керек. Бірте-бірте қайтарымсыз субсидиялардың орнына жеңілдетілген несиелендіру жүйесі дамитын болады деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін бірнеше рет еске салды аймақ басшысы.
Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешу үшін инвестиция тартуға баса көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда ауданда бірнеше инвестициялық жобалар – таразы ғимаратының құрылысы мен жүк таразысын орнату, дүкен, сауда-әкімшілік ғимараты, жанар-жағармай құю бекеті, тұқым тазалау желісі, мал шаруашылығы кешенінің құрылысы қарастырылуда.
Облыс әкімі өз сөзінде еліміздегі атом энергетикасын дамыту мәселесіне тоқталды:
– Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткеніндей, бізге сенімді және экологиялық таза электр энергиясының көздері өте қажет. Халық санының өсуі мен жаңа кәсіпорындардың іске қосылуын ескере отырып, әлемнің 30 елінде белсенді түрде қолданылатын атом энергетикасын дамыту тиімді шешім болар еді. Халық 6 қазанда өтетін референдумда бұл мәселе жөнінде өз көзқарасын білдіре алады, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ,кездесу барысында тұрғын үй-жол құрылысы, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Есіл өзеніндегі реттеуіш контррегулятор құрылысының мәселелері талқыланды.
Марат Ахметжанов аудан әкіміне жұмыс тәсілдерін қайта қарап, түпкілікті нәтижеге баса назар аудара отырып, жергілікті атқарушы органдардың қызметін мұқият жоспарлауды тапсырды. «Біз аймақты дамытуымыз керек, қажет болған жағдайда бизнес құрылымдарын сүйемелдеуіміз және жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы халықты жедел хабардар етіп отыруымызкерек», – деп ой қосты өңір басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімінің азаматтардыжеке қабылдау барысында Есіл тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының барысы, тұрғын үй алаңдарын бөлу және тағы басқа дамәселелерді көтерді.
Жұмыс сапарының барысында өңір басшысы әлеуметтік нысандарды, оның ішінде – тарихи-өлкетану мұражайы мен «Сана» қосымша білім беру орталығының жұмысымен де танысты.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданының аграршыларымен кездесіп, егін жинау науқанының барысы мен мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуын талқылады.
Биыл облыста алғашқылардың бірі болып «Тней Агро» ЖШС «Кен дала 2» бағдарламасы бойынша қаржы алды.
– Біз егін жинау науқаны үшін барлық қажетті құралдар мен жабдықтарды уақытылы сатып ала алдық. Бұл қазір өз жемісін берді. Біздің егістіктегі орташа өнімділік гектарына 20 центнерден асады, –деді директор Дамир Балданов.
Облыс әкімі егін жинау науқаны белсенді өтіп жатқан «Шаңырақ Р» ЖШС алқаптарын аралады.
Кәсіпорын басшысы Уәли Рахметовтың айтуынша, астықтың 33 пайызы жиналды, орташа өнімділік гектарына 18 центнерді құрайды. Серіктестіктің алқабында бидайдың Августина және Айна сұрыптары өседі. Олардың өнімділігі гектарына 18 және 20 центнерден айналып отыр. Орақ науқанына техника лизингіне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша сатып алынған 4 комбайн жұмылдырылған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде 1155 мың гектар астық алқабы немесе барлық дәнді дақылдардың 24,6 пайызының өнімі. Егіннің орташа өнімділігі гектарына 12,5 центнерді құрап, шамамен 1446,3 мың тонна астық бастырылды. Күзгі дала жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық жедел штаб өз жұмысын бастады, осыған ұқсас штабтар әр өңірде құрылған.
Облыс бойынша орақ науқанына 8,9 мың астық жинайтын комбайн, оның ішінде 4,8 мың заманауи өнімділігі жоғары комбайн, 2,6 мың жатка және 4,8 мың жүк автомобильдері тартылмақ.
Ақмола облысында егін жинау жұмыстарын жүргізуге 83 мың тонна дизель отынының кепілдендірілген көлемі бөлінді, оның ақырғы сату бағасы тоннасына 250 мың теңгені құрайды.
Наталья ЯКОВЛЕВА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Есіл ауданы.
Суреттер облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды.