Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекенов, Талғат Жүнісов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мүсірәлімова, «АМАНАТ» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Астана ядролық физика институты директорының орынбасары Дарын Боргеков, Жарқайың ауданының Гастелло ауылындағы орта мектептің ұстаздар қауымымен кездесіп, алдағы референдумдағы Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі сөз болды.
Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард киловатт сағатқа жетеді, ал, жұмыс істеп тұрған станциялар небәрі 135 миллиард киловатт сағат өндіре алады. Сонымен қатар, ескірген және әбден тозығы жеткен көптеген жылу электр стансалары әлдеқашан өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп келеді. Оларды жөндеу мен жаңғыртуға миллиардтаған бюджет қаржысы жұмсалды. Олар болашақ ұрпақты айтарлықтай арттыру мәселесін шешпейді.
Атом электр стансасын салу арқылы ғана Қазақстан өз мойнына алған көміртегі бейтараптығы жөніндегі міндеттемелерді орындауға, электр энергиясының қарыз тапшылығын жабуға болады.
– Қазақстанда бүгінде станса құрылысына қажеттінің бәрі бар: уран қорынан бастап, ол үшін біз әлемде жетекші орынға ие боламыз, ғылыми базасы мен мамандарына дейін, – деп атап өтті республикалық халықтық штабтың мүшелері, тұрғындарды Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдумға қатысуға шақырған кездесуде.
Жалпы, атом электр станциясының құрылысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұйтқысына айналады және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады. Республикалық халықтық штабтың мүшелері, барша тұрғындарды ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін референдумға қатысып, Қазақстанда атом электр стансасын салуға дауыс беруге шақырады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.