Әлеуметтік жәрдемақылар толық төленбеген

Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдауы бойынша жергілікті атқарушы органның жыл сайын әлеуметтік көмек алған азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны анықталды.

Осылайша қолданыстағы заңнама нормалары бұзыла отырып, жергілікті атқарушы органныңтарапынан 2020 жылдан бастап 2023 жыларалығындақатерлі дертке шалдыққан, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және әлеуметтік қолдауға мұқтаж басқа да азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің өзгерістері ескерілмей, төлем жасалған. Бұл азаматтардың заңда белгіленген мөлшерде өздеріне тиесілі қажетті әлеуметтік көмекті ала алмауына алып келді.

Осының салдарынан прокурорлық қадағалау шараларымен қосымша 890 мың теңгеге жуық қаражат төлеу арқылы 400-ден астам әлеуметтік-осал азаматтардың, конституциялық құқықтары қорғалып, кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Түнде ішімдік сатқаны үшін жауапқа тартылды

Бурабай ауданында жеке кәсіпкер тыйым салынған түнгі уақытта Щучинск қаласының тұрғынына 4 банкі сыра сатқан.

Алайда, сот полиция қызметкерлерінің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментінде тексеру жөнінде тіркелмегенін алға тартып, осы кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтатқан.

Аудан прокуратурасының апелляциялық өтініші бойынша Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасымен жеке кәсіпкер Б.-ға қатысты сот қаулысының күші жойылды және алкоголь өнімдерін сатуға лицензияның қолданылуы үш ай мерзімге тоқтатыла отырып, 147 680 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл ретте, заң бойынша түнгі уақытта алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынғанын және полиция қызметкерлерінің көрсетілген бағыттағы тексерулері уәкілетті органда тіркелуді қажет етпейтінін еске саламыз.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар