Бүгінгі күні облысымыздың барлық сайлау учаскелерінде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Осыған орай Көкшетау қаласындағы 19 мектеп ғимаратында орналасқан №43 сайлау учаскесінде болып, ондағы мән-жаймен таныстық.
— Мен Центральный көшесі 40 үйдегі 19 мектеп ғимаратында орналасқан 43 сайлау учаскесінің төрайымымын. Сайлау учаскесінің жұмысы әдеттегідей таңғы 7-ден Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Жалпы сайлауда дауыс беруге 2442 адам қатысуға тиісті. Сағат 10.00-ге дейін 250 адам дауыс беріп үлгерді. Бізде әртүрлі ұйымдардан бақылаушылар қатысып отыр. Олар «Аманат» партиясы, «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігі және «Aqmola -Outlook» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысуда, — дейді Сәуле Жұмашқызы Өмірбаева. Бұл участокте сағат онға дейін көзі көрмейтін мүгедектерден екі адам дауыс берсе, түстен кейін дауыс беруге келе алмайтын сайлаушылардың үйлеріне арнайы бюллетень апарылып, дауыс берулеріне жағдай жасалынады. Мерекеге сай әсем әуенге бөленген дайындық жұмыстары сайлаушылардың көтеріңкі көңіл күйімен астасып жатыр.
Дауыс беру жалғасуда.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.