Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үлкендерімізге құрмет көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Үлкендерімізге құрмет көрсетілді

Ақмола облысы бойынша экология департаменті Қарттар айлығына орай, әр жылдары осы департаментте жұмыс істеген зейнеткерлерді құттықтады.

Әдеп жөніндегі уәкіл Күләш Рахымова Көкшетау қаласында тұратын зейнеткерлерге барып, департаменттен сыйлықтар мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінен Алғыс хаттар тапсырды.

1988 жылдан бастап экология органдарында көптеген адамдар жұмыс істеді. Ақмола облысы бойынша экология департаментіне бұрынғы Көкшетау, Ақмола облысының экология департаменттерінің осындай зейнеткерлері бекітілген.

Департамент өз зейнеткерлеріне әрдайым жете назар аударады. Бүгінгі таңда экология жүйесінде әр уақытта жұмыс істеген 17 зейнеткер ғана бар. Оның 11-і Көкшетау қаласында, сондай-ақ, Зеренді, Ақкөл, Астрахан аудандарында, 6-уы Астана қаласында тұрып жатыр.

Олардың арасында экология департаменті құрылған уақытынан бастап қызмет атқарған адамдар бар. Арнайы экологиялық білімдері болмаса да, олар бізге қоршаған ортаны қорғау саласында үлкен тәжірибе қалдырды.

«Өткенсіз болашақ жоқ» деген дана сөз бар. Егер біз өткенімізді және сол кездегі адамдар мен оқиғаларды есімізде сақтамасақ, не үшін өмір сүреміз?! Қарттарға құрмет те осындай ойларға жетелейді.

Біз ардагер экологтарымызды Қарттар күнімен тағы да құттықтай отырып, оларға зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!

Күләш РАХЫМОВА,
Ақмола облысы бойынша Экология департаментінің Әдеп жөніндегі  уәкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар