Қопа жағалауына 400-ге жуық көшет және 1500 екпе көшет отырғызылды

Ақмола облысының орманды алқаптары 120 мың гектар жерді алып жатыр! Соңғы үш жылда 9 мың гектарға 50 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылды.

Республика күні қарсаңында  Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың  қатысуымен Көкшетау қаласының Қопа көлінің жағалауына  орман шаруашылығы қызметкерлері және белсенді жастар  бірлесіп 400-ге жуық көшет және 1500 екпе көшет отырғызды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында  бұл шараның аса маңыздылығын атап көрсеткен өңір басшысы Марат Ахметжанов  «Ағаш отырғызу – бұл жай ғана көгалдандыру емес, біздің ортақ болашағымызға қосқан үлесіміз. Біз келер ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасаймыз, климатты жақсартамыз және өлкемізді көркемдей түсеміз. Бүгінгі іс-шараға ландшафт дизайнері, орман патологы сияқты тәжірибелі мамандар тартылды, олар ағаштарды дұрыс таңдауға және отырғызуға көмектесуде. Бұл егілген ағаш көшеттерінің тамыр жайып, дұрыс өсіп шығуына септігін тигізеді», – деді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар