Көкшетау қаласының жағалауында меморандум шеңберінде 6 «Food Court» аймағын, балалар ойын кешендері, арқан қалашығы және спорттық құрал-саймандары бар 2 «Workout» алаңын, скейтерлер мен велосипедшілерге арналған «Памп трек» алаңын, беседкалар мен әткеншектері бар 6 тыныш аймақ алаңын салу жоспарлануда.
Бүкіл променадта 2 тротуар және 1 жүгіру жолы қарастырылған. Сахна үшін алаң дайындалады, оның құрылысы екінші кезеңде көзделген. Қауіпсіздік үшін бақылау камералары мен полиция бекеті орнатылады. Жобаны іске асыру 2025 жылдың маусымына дейін жоспарланып отыр.