Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астананың іргесінде орналасқан аудандардың әлеуеті жоғары. Жұмыс та соған сай болуы керек! - АРҚА АЖАРЫ

Астананың іргесінде орналасқан аудандардың әлеуеті жоғары. Жұмыс та соған сай болуы керек!

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кезекті жұмыс сапарымен Бұланды және Ақкөл аудандарына тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізді.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында республиканың өнеркәсіптік әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бұланды ауданының өнеркәсібі жақсы даму үстінде, оның ішінде Макинск құс фабрикасы Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорынның бірі. Облыстың өнеркәсіп өндірісіндегі ауданның үлес салмағы 5,9 пайызды құрайды. Ал, бұл кәсіпорынды есептемегенде көрсеткіш 1,8 пайызға дейін түсіп кетеді. Өңірдің әлеуеті жеткілікті түрде тиімді пайдаланылмай отыр, бір ғана ірі өндіріске тәуелді болмау үшін саланы әртараптандыру қажет, – деп атап өткен облыс әкімі аудан әкімдігіне жұмыс әдістерін қайта қарауды тапсырды.

Өнеркәсіп саласына ресурстарды инвестициялайтын орта кәсіпорындардың ішінде облыс әкімі «Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» серіктестігі, «ХПП Арна» және «Макинск элеваторы» ауылшаруашылығы кәсіпорындары, сондай-ақ, Макинск тас карьері мен «Бота-2015» серіктестігі филиалын атады.

Ауданда ауыл шаруашылығы, соның ішінде егіншілік саласына жете көңіл бөлінуде. Орақ қорытындысы бойынша Бұланды ауданында астықтың жалпы түсімі 390 мың тоннаны құрап, орташа өнімділік гектарына 20 центнерді құрады.

Аймақ басшысы Ақмола облысының бидай өсіру және ұн өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарда тұрғанына, бұл макарон, нан өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісінде жергілікті шикізатты пайдалануға кең мүмкіндіктер ашатынына тоқталды.

– Облыстың ыңғайлы логистикалық орналасуының арқасында астықты озық өңдеу бойынша тиімді өндіріс құруға қолайлы жағдай жасалған. Ұн өнімдері мен макарон өнімдерін өндіруге инвестиция тарту мәселесін қарастыру қажет, –деп тапсырма берді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Марат Ахметжанов, аудан басшылығының ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қажеттігін атап өтті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуетін пайдалану үшін ауылды дамытуға, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары – «Ауыл аманаты», «Дипломмен – ауылға!» жобалары, сондай-ақ, «Кең дала» сындыауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру бар екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы өз сөзінде қайтарымсыз субсидиялардың орнына кезең-кезеңімен жеңілдетілген несиелендіру жүйесі дамытылатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, жеңілдікпен қаржыландыру ауыл шаруашылығын дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалуы керек екенін де бірнеше рет атап өтті.

Облыс әкімі барлық ауылдық округ әкімдерінің ауылды дамытуға арналған мемлекеттік қолдаудың тоғыз бағдарламасының барлығын жақсы меңгеріп, өз ауылының еңбек ресурстарын жете түсініп, мұқият зерделеп, ақпаратты әрбір ауыл тұрғынына нақты жеткізуі тиіс екенін де баса айтты.

Аймақ басшысы инвестиция тартуға баса назар аудару қажеттігін, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ведомстволар кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау керектігін тағы бір еске салды. Сонда кәсіпкерлер де бюрократияға, формализмге және бопсалауға орын жоқ жерлерге инвестиция салады.

– Биылғы жылы ауданда он жоба жүзеге асырылып, ірілерінің қатарында Аққайың ауылында сұйық тыңайтқыштар беретін материалдық-техникалық қойма құрылысы және жолдар салынса, жыл соңына дейін тағы да бірнеше жобаны іске қосу жоспарлануда, – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, жол құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру, Байсуат-Қараөзек бөгетіне күрделі жөндеу жүргізу, Иванковка ауылындағы бөгеттің су арнасын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да сөз болды. Еркін микрофон кезінде аудан тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамытуға қатысты сауалдарын қойды.

Жиын соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар тұрғындар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданының халқымен есеп беру кездесуінде ауданда бір ғана орта кәсіпорын – жұмыртқа өндірумен айналысатын «АҚКӨЛ ҚҰС» серіктестігі, сондай-ақ, 41 шағын кәсіпорын мен қосалқы шаруашылық бар екенін атап өтті. Бұл ретте ауданның облыстың жалпы өнеркәсіп өніміне қосар үлесі өте-мөте аз – бар болғаны 0,3 пайыз.

– Сіздердің аудандарыңыздың өнеркәсіптік әлеуетіорасан зоржәне инвестициялық тартымдылығы да бар. Бұған оның астанаға жақын орналасуы мен теміржол және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары ықпал етіп отыр, – деп атап өтті облыс әкімі. – Алайда, өнеркәсіпте, туризм мен бизнесте тоқырау бары байқалады. Әкімдік қызметкерлері ауыл-аймақтарды дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді пайдалана отырып, халыққа инвестиция тарту және экономикалық тиімділік жолдарын іздестіруі, өз жұмыстарын тезірек қайта қарауы керек. Бизнесмендердің барлық сұрақтары алғаш қоңырау соққанда-ақ шешілуі тиіс. Ал, биыл екі жобаны жүзеге асырудың арқасында бар болғаныжеті жаңа жұмыс орны ашылды…

Аймақ басшысы Марат Ахметжанов атап өткеніндей, ауыл шаруашылығының әлеуеті инвестиция тарту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер туғызады, бұл жұмыс орындарын құруға және бюджет түсімдерін арттыруға ықпал етеді, содан барып әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер шешілетін болады.

–Соңғы үш жылда мемлекеттік қолдауға өтініштердің жыл сайын азаюы байқалады. Ағымдағы жылды 2021 жылмен салыстыратын болсақ, олардың саны 26 есеге азайған. Демек, халық бұл бағдарламаларды білмейді немесе сенбейді деген сөз, – деп реніш білдірген Марат Ахметжанов ауылдық округ әкімдерінің жұмысын сынға алды.

Сондай-ақ, облыс әкімі ауарайының қолайсыздығына қарамастан, жергілікті диқандардың биылғы жылы жұмыста оң нәтижеге қол жеткізгендерін атап өтті. Нақтырақ айтсақ,орташа өнім гектарына 14 центнерден асты, ал, астықтың жалпы көлемі 200 мың тоннаға жуықтады. Сондай-ақ, облыс әкімі егін жинауда жақсы нәтижеге қол жеткізген өңірдегі бірнеше механизаторлар мен озат шаруашылықтарды атап өтті.

Басым бағыттардың ішінде сүт өндірісі белсенді дамып келе жатқан мал шаруашылығы ерекше атап өтілді. «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда «Болашақ»жылқы шаруашылығы және «Әмір» қой шаруашылығы сияқты табысты жобалар сәтті жүзеге асырылуда. «Еңбек» серіктестігі жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында 900 басқа арналған ферма салуда, бұл жалпы сауын сиырлар табынын 1500 басқа жеткізіп, тауарлы-сүт өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Марат Ахметжанов елордада туризмді дамыту үшін өңірдің туристік әлеуетіне де тоқталып, аудан әкімдігіне туристік кластерге инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімі ауданның инфрақұрылымдық дамуын сынға алып, аяқталмаған жобалардың бар екенін айтып, жергілікті атқарушы органдарды бюджет қаражатын тиімді жоспарлауға және дұрыс жұмсауға шақырды.

Еркін микрофон аясында Ақкөл қаласының тұрғыны Ермек Түкітаев аудандық ауруханада мамандардың жетіспеушілігі, ауданға жұмыс істеуге келген дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, туристер үшін жақсы инфрақұрылымның жоқтығы туралы мәселелерді көтерді. Айтар болсақ, қазір ауданда алты дәрігер жетіспейді.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында Марат Ахметжанов Ақкөл ауданы тұрғындарының көптеген сұрақтарына жауап беріп, барлық өзекті мәселелерді өз назарына алды.

Вероника БУРДА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Бұланды, Ақкөл аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар