Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табиғатты қорғау ісіне жауапкершілік күшейтіледі - АРҚА АЖАРЫ

Табиғатты қорғау ісіне жауапкершілік күшейтіледі

Бүгінгі таңда еліміздің алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру міндеті тұр.

Президентіміз өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметіне қатысты бірқатар міндеттерді атап өтті. Анығырақ айтсам, Жолдаудағы жетінші міндет – экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту. Бірінші кезекте, еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында қоршаған ортаға эмиссиялар бойынша деректерді беру және мониторинг жүйесін енгізу маңызды. Қазіргі уақытта мониторингтің автоматтандырылған жүйесін (МАЖ) орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде жүйе міндетті 91 кәсіпорынның 62-сінде орнатылды. Олардыңішінде 32 кәсіпорыны ақпараттық жүйеге қосылса, 30 кәсіпорында МАЖорнатылған. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына дейін тағы он екі кәсіпорынға МАЖ орнату жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының 10 өңіріндегі 17 кәсіпорынға қаражаттың болмауы себебінен МАЖ орнатылмады. Бұл ретте, «Көкшетау жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Есильский Горкомхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Котельная АСИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  қаржыландыру мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, ең озық технологияларды енгізу бөлігінде үздік қолжетімді техникаға (ҮҚТ) көшу реформасы шеңберінде Үкімет I санаттағы ТОП-50 ірі объектілердің қызметін толық қамтитын 16 анықтамалықты бекітті. 2025 жылдан бастап бекітілген ҮҚТ анықтамалықтары негізінде кешенді экологиялық рұқсаттар беру жоспарлануда. Кәсіпорындар жұмысының тәжірибесіне ҮҚТенгізу өндіріс процесінің экологиялық таза болуын қамтамасыз етеді. Негізгі құралдардың жағдайын жақсартады және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға ықпалын тигізеді.

Жолдау бойынша екінші кезекте табиғатты қорғау ісіне бизнестің жауапкершілігін арттыру көзделген. Осыған байланысты Үкімет пен «Атамекен» ұлттық палатасы нақты шаралар қабылдауы керек. Қазір өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешу бойынша Жол карталарының іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бизнеске келетін болсақ, бұл бағыттағы негізгі жұмыс экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламалары, қалдықтарды басқару бағдарламалары және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылады. Бизнестің әлеуметтік-экологиялық жауапкершілігі заңнамада белгіленген табиғат қорғау нормалары мен талаптарының жүйесін толықтыратын бизнес-қоғамдастықтың этикалық нормаларымен тығыз байланысты. Бұл бизнестің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерлерінің алдын алуға және азайтуға бағытталған түрлі іс-шараларға саналы және уәжді қатысы барын білдіреді. Осы жұмыстар аясында Еуропалық қайта құру және даму банкі бейінді министрліктің тапсырысы бойынша және Эрнст Энд Янгтың қолдауымен «Мемлекеттік және жеке инвестициялардың қазақстандық практикасына ESG-сұрақтарын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу» техникалық ынтымақтастық жобасы барысында тиісті диагностика жүргізілді. Аталған анықтамалықтың шеңберінде ESG тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің жалпы тізбесі қалыптастырылды.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, бұл уақытша акция емес және жұмысты дұрыс ұйымдастыруы тиіс мемлекеттік органдардың тікелей жауапкершілігіне байланысты іс. Бұл тапсырманы іске асыру негізінен, халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде болжанады. Тұжырымдама жобасы ағымдағы жылдың 27 тамызында Үкімет аппаратына енгізілді. Акцияны сапалы өткізу мақсатында әкімдердің дербес жауапкершілігі Тұжырымдаманың іс-қимыл жоспарында бекітілген. Тұрғындардың өтініштеріне уақтылы және тез арада ден қоюды қамтамасыз ету бойынша TazaQazBot телеграм-ботының жұмысын ерекше бақылауда ұстаудамыз.

Оған қоса, ормандарды молықтыру мәселесіде назардан тыс қалмады. Жолдау шеңберінде «Семей орманы» қорына республиканың басқа орманды өңірлерінде отырғызу материалын өсіру жөнінен орман тұқымы кешенін құру жөніндегі тәжірибені тарату бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы тапсырманы орындау мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілуде: «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен орман тұқымы кешендерінің құрылысын қаржыландыру мүмкіндігі бөлігінде Үкіметтің №604 Қаулысына түзетулер әзірленді және ағаш тұқымы кешенінің типтік жобасы қалыптастырылды. Оның сыртында қарағайлы ормандардың болу критерийі басшылыққа алына отырып, орман тұқымы кешендері салынатын 6 өңір анықталды. Олар өртенген қарағайлы ормандардың орнын толықтыруы қажет. Абай, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары. Аталмыш жобаларды қаржыландыру келесі жылдың екінші тоқсанында басталады деп күтілуде.

Жолдау аясында туристік жобаларды іске асыру кезінде экологиялық залал келтірудің және экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Бүгінгі таңдаорман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері, яғни, орман шаруашылықтары қарауындағы мемлекеттік орман қоры 74,8 пайыз болса, министрліктің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік орман қоры 25,2 пайызды құрайды. Тарқатып өтсем, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы 30,8 миллион гектар, ол ел аумағының 11,3 пайызын алуда. Саладағы экотуризм бойынша барлық инвестициялық жобалар экологиялық заңнамаға сәйкес келісудің кезеңдерінен өтеді. Өйткені, Экологиялық кодекс жобаны қараудың барлық кезеңдерінде қоғамдық тыңдаулар өткізуді көздейді. Осылайша, аталған рәсімдерден өту экотуризмді дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде экологиялық залалға жол бермеу қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді. Яғни, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік жобаларды іске асыру кезінде экологиялық тепе-теңдік сақталады.

Айта кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристер саны 2019 жылы 1,3 миллион адамнан 2023 жылы 2,4 миллион адамға дейін өсті. Ал, 2022 жылы бұл көрсеткіш шамамен 2 миллион адамды құраған болатын.

Мағзұм КӨКІМБАЕВ,
Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар