Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы кеңінен баяндап, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы кеңінен баяндап, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Ең алдымен аймақ басшысы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындап берген міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Биыл Ақмола облысында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтіп, әр бағытқа жекелей тоқталды.
Агроөнеркәсіп саласы
–Мемлекет басшысы атап өткеніндей, біздің басты мақсатымыз – осысаланың дамуына жаңа серпін беру. Өткен агрокезеңде облысымыз айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, елдің негізгі астық алқабы дегенмәртебесін дәлелдедік. Ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру – біздің негізгі міндетіміздің бірі. Осы ретте, биыл ауыл шаруашылығы өнімінен бір триллион теңгеден астам кіріс түседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артық, – деді М.Ахметжанов. – Соның нәтижесінде, бүгінде біз Президенттің жыл сайынөңір экономикасын алты пайызға арттыру жөніндегі тапсырмасын орындадық. Өңір диқандары 6,6 миллион тонна рекордтық астық жинап, өнімділік – гектарынан 14 центнерден асты. Астықтың сапасы да барынша жоғары екенін атап өткім келеді. Астықтың 60 пайыздан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай.
Әрине, бұл ең бастысы, диқандардың қажырлы еңбегінің, мемлекеттік қолдау мен заманауи технологияларды тиімді әрі уақытылы қолданудың нәтижесі. Сонымен бірге, аймақ басшысы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да маңызды екендігіне тоқталды. Биыл облысқа 1239 жаңа техника сатып алыныпты, соның ішінде трактор – 334, комбайн – 234, ілмелі және тіркемелі техника – 256, басқалары – 415. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша 334 техника алынған.
–Президент жақында астананы азық-түлікпен қамтуда Ақмола облысының маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан, бұл жұмысты одан әрі нығайтып, өнім көлемін арттыру біздің стратегиялық ұстанымымыз болады, – деді облыс әкімі.
Осы бағытта жақсы нәтижелер де бар. Облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері елорда тұрғындарының азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етуде. Ол үшін өңірсүт өнімінің 50 пайыздан астамын, ет өнімінің 30 пайызын, жұмыртқаның 80 пайызын, картоптың 85 пайызын қамтып отыр. Нақтырақ айтсақ, астана тұрғындарына күн сайын облыстан 80 тонна ет, 320 тонна сүт өнімдері, 700 мыңдана жұмыртқа және 25 тонна ұн жеткізіледі.
Астананы азық-түлікпен қамтуға зор үлес қосатын бірқатар кәсіпорындар бар. Алдағы уақытта олардың саны арта түсетінін алға тартты аймақ басшысы. Бұл ретте, Мемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының тәжірибесінеліміздің басқа өңірлерінде тарату бойынша тапсырма бергені белгілі. Бұл кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері де, әлеуметтік жауапкершілігі де жоғары. Сондай-ақ, Целиноградта «Ен-Дала», Аршалыда «Темір Агро», Бұландыда құс фабрикасы, Ақкөлде «Еңбек» және басқаларыда өз кәсіпорындарын кеңейтіп жатыр. Сол арқылы алдағы уақытта елорданы табиғи әрі таза азық-түлікпен қамту көрсеткіші арта бермек.
Мал шаруашылығы саласындақұс етінің өндірісі бойынша үздік орнымызды сақтап келетініміз айтылды. Жалпы, республикалық көлемдегі облыс үлесі 30 пайыз, ал,тауық жұмыртқасы бойынша –16 пайыз. Биыл 5 сүт фермасы іске қосылатыны да баяндалды.
–Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мыңтоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады, – деді өңір басшысы. Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптары кеңейтілген. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды.
Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 миллиард теңгеден астам сомаға азық-түлікөнімдерін өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5 пайыздан асып отыр. Бұл ретте, өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майымен ұн өндірісі айтарлықтай артқан.
–Мемлекет басшысы үш жыл ішінде өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізу бойынша міндет қойды. Ол үшін біз нақты шаралар қабылдаудамыз. Атап айтқанда, 2027 жылға дейін агроөнеркәсіп саласына 132 миллиард теңгеден астам инвестиция тартып, 80 жобаны іске асыруды жоспарлаудамыз. Бұл бізге өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етіп, олардың жүктемесімен өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Биыл 30 миллиард теңгеден астам сомаға 27 жобаны іске қосып жатырмыз. Мемлекет тарапынан да көп қолдау көрсетілуде. Мысалы, фермерлер арасында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңіл кредит берудің «Кең Дала-2» бағдарламасы ерекше сұранысқа ие болды. Президент тапсырмасы бойынша келесі егін егу науқанына толықтай дайындалу үшін жеңіл кредитке ендібиылғы желтоқсан айынан бастап қол жеткізуге болады. Жақын күндері осы жұмыстарға арналған алғашқы 15 миллиард теңгені шаруа қожалықтарына тарата бастаймыз. Ал қаңтарда тағы 17 миллиард теңге қарастырылады, –дей келе, аймақ басшысы бұл диқандарға жалақы төлеуді, сапалы тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді дер кезінде сатып алуғаоң септігін тигізетінін алға тартты.
Индустриялық сектор
Өнеркәсіп саласына да кеңінен тоқталған облыс әкімі биыл өндіріс көлемі 1,6 триллион теңгені құрағанын айтты. Мұның 77 пайыздан астамы өңдеу саласына тиесілі. Біздің облыс республика көлемінде темір жол подшипниктерінің 100 пайызын,мамандандырылған көліктің 81 пайызын, астық жинау комбайнының 67 пайызын, трактордың 39 пайызын, құрамында алтын бар руданың 59 пайызын, өңделмеген алтынның 30 пайызын, керамикалық кірпіштің 28 пайызын өндіреді. Өңіріміз жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша бірінші орында. Жалпы, облыста машина жасау, тамақ өндіру
және электрмен жабдықтау салаларында өсу қарқыны қамтамасыз етілген.
Инвестициялар тарту
Мемлекет басшысы өңірлерге инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Биыл Ақмола облысына 550 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бүгінде облысқа соның ішінде400 миллиард теңгеден астам инвестициясықұйылды. Іске асырылған жобалардың ішінде ауыл шаруашылығы өндірістік кешені саласындағы жобалар бар. Атап айтқанда, бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені іске асырылуда, құрама жем мен жарма өндіретін зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. 2027 жылға дейін АӨК саласына 132 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту көзделген.
–Сондай-ақ, шетелдік компаниямен астықты терең өңдеу бойынша ірі зауыт салу туралы келісімге қол қойдық. Құны 650 миллион доллар болатын бұл жоба бір мыңнан астам жұмыс орнын құрып қана қоймай, елдің экспорттық әлеуетін де арттырады, – деді Марат Ахметжанов.
Ірі жобалардың бірі ретінде локомотивтер шығаратын зауытты атап өтуге болады, онда келешекте жылына 360 локомотив шығарылмақшы. Туризм саласында Бурабай және Ақкөл аудандарында екі көпфункционалды жоба жоспарланған.
–Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Оның аумағында өз өндірістерін орналастыруға мүдделі инвесторлар пулы жасақталды. Мысалы, көлік-логистикалық орталық, ауыл шаруашылығы агрегаттарының отандық өндірісі құрылуда. Сондай-ақ, елордада «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығы ашылды. Бұл инвесторларды тартуға және сүйемелдеуге баса назар аударылатын елордадағы жалғыз өңірлік фронт-офис, – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі.
Көктемгі су тасқыны
Биыл елімізде орын алған су тасқынынан біздің Ақмола өңірі де зардап шекті. Бүгінде сол су тасқынының салдарын жою жұмысы аяқталды. Жалпы, облыс бойынша 1266 отбасы зардап шекті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 820-дан астам отбасына мүлік шығыны өтеліп, 715 отбасына үйлерін жөндеуге өтемақы төленді. Сонымен қатар, шамамен 2 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 221 отбасы үшін пәтерлер мен үйлер сатып алынды. Сондай-ақ, облысымызда 330 отбасы үшін жаңа үйлер салынды. Нақты айтқанда, Атбасарда–165, Бұландыда–114, Есілде–21, Жарқайыңда – 30.
–Су тасқыны кезінде жол инфрақұрылымы да зақымданды. Барлық учаскеде көлік қатынасы дереу қалпына келтірілді. Апат кезінде зақымданған үш көпір бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалар әзірленуде. Қазіргі кезде облыста су тасқынына қарсыіс-шаралар өткен жылмен салыстырғанда үш есе ұлғайтылды. Бүгінгі таңда174 елді мекенде 65 шақырым су өткізу арнасы салынып, 38 шақырымөзен арнасы тазартылды, су өткізуарнасының34 шақырымы кеңейтіліп, тереңдетілді. 110 шақырым бөгет нығайтылып, 21 шақырым жаңа бөгет тұрғызылды, су өткізу құрылыстары жүргізіліп, су құбырлары тазартылды. 9 елді мекендесу деңгейін бақылау үшін қосымша гидро бекеттер құрылды. Сонымен қатар, Атбасар қаласында қорғаныс үшін шлюздер орнатылып жатыр. Ол тасқын судың қауіпсіз ағып өтуін қамтамасыз етіп, шамамен 400 үйдің су басу қаупін азайтады. Жер снарядтарын сатып алу есебінен Атбасар ауданында Жабай өзенінің түбі тереңдетіліп жатыр. Қазір өзеннің 2,5 шақырымы 5 метрге дейін тереңдетілді. Осындай жұмыстар облыс орталығындағы Қылшақты өзенінде де жүргізілді. Оның 4,3 шақырымы тазартылды, – деді әкім.
Биыл халықтың ұсынысын ескере отырып, Целиноград ауданының Талапкер және Қоянды ауылдарында еріген суды өткізуге арналғанжалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын айналма канал салынды. Сонымен бірге, «Демеу Қазақстан» қоры есебінен 3 бөгет салынуда, Жабай, Шағалалы және Қалқұтан өзендерінің жағасы нығайтылып жатыр.
Тұрғын үй құрылысы
Бұл – өңірдің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Аймақ басшысының айтуынша, биыл облыста 530 мың шаршы метр үй алаңыпайдалануға беріліп, бес мыңнан астамотбасы тұрғын үй жағдайын жақсартып отыр.Соның ішінде бюджет есебінен9 көппәтерлі тұрғын үй іске қосылған. Жылдың аяғына дейінтағы 16 үй пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтікосалтоптары бүгінде дайын пәтерлерді сатып алуарқылы баспанамен қамтамасыз етілуде. Бұл механизм көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді.
–Биыл 736 пәтер сатып алынды. Жылдың аяғына дейінтағы 104 пәтерді сатып алу көзделген. Жалпы, соңғы 5 жылда 2 064 отбасыбаспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 2 276 отбасын үймен қамтыдық, –деп бұл саладағы атқарылған негізгі жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, биыл облыс орталығы Көкшетау қаласында «Тұрғын үй қорын жаңарту» бағдарламасы басталғаны белгілі. Жалпы, Көкшетау қаласындағы 11 аймақтағы ескі 150 үй кезең-кезеңмен реновацияланады. Бұл жаңа әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, саябақтар мен балалар алаңдарын салуға мүмкіндік береді. «Осылайша, біз қаланың жаңа келбетін қалыптастырып жатырмыз» деді аймақ басшысы.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Өңір басшысы ағымдағыжылытумаусымына дайындыққа 40 миллиард теңге бөлінгенін, оның ішінде алғаш рет меншік иесінің есебінен 8 миллиард теңге қарастырылғанын атап өтті. Бұл ретте, жылумен жабдықтау көздерімен желілері әбден тозған өңірлерге ерекше көңіл бөлінетіні туралы айтылды. Биыл Степногорск қаласында 8 шақырымдық жылу желісі жөнделіпті, бұл – желілердің тозуын 73 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берген. Осындай жұмыстар Атбасарда жүргізіліпті. Жылу көздерімен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар толық орындалыпты.
Көкшетауда жылу-электр орталығын (ЖЭО)салу бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқандығы да брифингте ерекше атап өтілді. Марат Ахметжановтың айтуынша, инженерлік-геологиялық жұмыстармен уақытша құрылыстаға арналған алаң ұйымдастыру шаралары басталып кетіпті.
–Тұрақтыжәнесапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады. Осы мақсатқа ағымдағы жылы 34 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды. Жаңа желілер Қарғалы, Жантеке, Құмкөл, Егіндікөл және Тоғанас ауылдарын сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, биыл Үкімет резервінен Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының бассу қабылдағыштарын қайта жаңартуға қосымша қаражат бөлінді. Көкшетау қаласының су тазарту құрылғысының құрылысы да аяқталуға жақын. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстары бітеді, кейін іске қосу-баптау жұмыстары бойынша персоналды оқыту жүргізіледі,–деді Марат Ахметжанов.
Электр энергетикасысаласын дамытуға6 миллиард теңге бөлінді. Биыл жалпы ұзындығы 43 шақырым құрайтын электр желілері бойынша үшжобапайдалануға берілуде. Келесі жылы электр энергиясының тапшылығын жою үшін Қосшы және Көкшетау қалаларында 4қосалқы станцияны жобалауды аяқтау жоспарланып, оның екеуінің құрылысы басталыпты.
Аймақ басшысы брифингте Астанаға іргелес елдімекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатқандығын тілге тиек етті. Бұғандейін Аршалы ауданының 16 ауылыгазбен жабдықтау жүйесіне қосылса, биыл тағы 4 ауыл – Шұбар, Қоянды, Жібекжолы, «Нұрлы» елді мекендері газбен қамтамасыз етіледі. Келесіжылы 68 мың адамды қамтитын 6 елдімекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олар Аққайың, Алтынсарин, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат ауылдары мен Қосшы қаласы.
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Бұл сала да өңір экономикасын дамытудың ажырамас бөлігі саналады. Биыл жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды салу мен жөндеуге 104 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Бұл 800 шақырым жолды қамтиды. Мұнда елді мекендердің, соның ішінде астанаға іргелес ауылдардың жол желісін жаңартуға баса назар аударылған көрінеді.
–Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағалауында демеушілік қаржы есебінен жоғары сыныпты автожол салынып, жарық шамдары орнатылғаны белгілі. Ол болашақта қаланың негізгі жолдарындағы көлік ағынын жеңілдететін жолға айналады деген сенім мол. Сонымен қатар, жағалау бойы жаңаша абаттандырылып жатыр. Бұл – тұрғындар үшін сүйікті демалыс орнына айналатын маңызды жоба, – деді облыс әкімі.
Туризм
Ақмола облысы – еліміздің тек астықты аймағы емес, сонымен қатар, өзінің сұлу табиғатымен – Бурабай, Зеренді курорттық аймақтарымен, Қорғалжын қорығымен танымал екендігін айта келе, облыс әкімі Бурабай курорты облыста туризмді дамытудың негізгі көшбасшысы саналатынын алға тартты.
–Бұл аймақ Алматы және Маңғыстау облыстарының туристік дестинацияларымен қатар, елімізде туризмді дамытудың үш негізгі орталықтарының бірі ретінде белгіленген. Президент алға қойған міндеттер аясында Үкіметпен бірлесіп, Бурабай курортының жаңа концептін құру бойынша 2025-2029жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Бурабайда биыл алғаш рет «Атырау Авеню» демалыс аймағы және «Тары Бурабай» этно-рестораны ашылды, – дей келе, өңір басшысы шағын авиацияны дамыту аясында келесі жылдан бастап курорттық аймақта тікұшақпен шолу саяхаттары іске қосылатына назар аударды. Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшінкурорттық аймақ елді мекендерінің бас жоспарлары цифрландырылмақшы.
Білім беру
Ақмола облысында білім беру саласында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Соның ішінде облыс әкімі жиналғандардың назарын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 200 орындық 6 мектеп салынғанына аударды. Қазір бұл білім беру орындары іске қосылған.
– Целиноград ауданының Қоянды ауылында және Көкшетау қаласында 5 мың орындықүш мектептің құрылысы аяқталып қалды.Осы елді мекендердің бәрі астанаға жақын орналасқан. Осылайша ата-аналар үшін көптеген мәселе шешіліп, елордалық білім беру объектілерінің жүктемесі азаяды. Жайлы мектептердің аумағы қарапайым мектептерден 15-20 пайызға, техникалық жабдықталуы 4 есе артық. Сонымен қатар, Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. Биыл облыс орталығында 446 орындық екі балабақша даіске қосылды. Келесі жылы тағы үш балабақша пайдалануға беріледі, – деді.
Денсаулық сақтау
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілері салынып жатыр. Осы объектілер 38 ауылдық елді мекенде тұратын 43 мың адамды қамтиды. Осы жылдың соңына дейін заманауи жабдықтармен қамтылған барлығы 28 объекті салынады және келесі жылы тағы он нысанды аяқтау қарастырылған.
Степняк қаласында аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Келесі жылы тағы бір ірі жобаны бастаймыз. Ол – Көкшетау қаласында 630 орындық өңіраралық көпбейінді аурухана құрылысы. Сонымен бірге, лизингке 3,7 миллиард теңгеге 50 жедел медициналық жәрдем автомобильдері сатып алынды.
Спортты дамыту
Аймақ басшысы биыл спорт саласы жарқын жаңалықтарға толыболғандығын атап өтті. Облыс спортшылары Парижде өткен Жазғы Паралимпиадада лайықты өнер көрсетіп оралғанын қуана баяндады. Атап айтқанда, Давид Дегтярев пара пауэрлифтинг бойынша Паралимпиада ойындарында екі дүркін чемпион атанды. Ол Паралимпиада екі рет жеңіске жеткен бірінші қазақстандық және біздің облысымызды бүкіл әлемге танытқан жігерлі спортшы. Осы Паралимпиада ойындарындаЕркін Ғаббасов пневматикалық винтовкадан атудан күміс медальға ие болды. Бұл спортшыларға облыс әкімдігі тарапынан лайықты құрмет көрсетілгенін біз жақсы білеміз.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл Қосшы және Есіл қалаларында,
сондай-ақ, Мәдениет ауылында спорт кешендері пайдалануға берілді. Осы айда Степногорск қаласында жаңа спорт кешені қала тұрғындарына есігін айқара ашады деп күтілуде.
–Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Зерендіауылында спорт кешенінің құрылысын салуға арнайы мемлекеттік қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама халықты жаппай спортпен қамтуға және ауылдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, – деді аймақ басшысы.
Жалпы, Ақмола облысын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар. Брифингте облыс әкімі журналистер тарапынан қойылған әр сауалға нақты жауап беріп, шешімін күткен мәселелер бойынша мән-жайды толық түсіндіріп өтті.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.