Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шавқат Рахмоновты жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық UFC файтері Шавқат Рахмоновты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«Президент ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавқат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді» делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 8 желтоқсанда отандасымыз Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде Иэн Гэрриден басым түсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар