Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалы ауданына – жаңа әкім - АРҚА АЖАРЫ

Аршалы ауданына – жаңа әкім

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Достанбек Есжанов Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Біржан сал ауданының әкімі қызметін атқарды.

Ауданның жаңа әкімін аймақ басшысы Марат Ахметжанов таныстырып, оған Президенттің «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» Жолдауының басымдықтарын ескере отырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

–Сіздің басты міндетіңіз аудан тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, жылыту маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету, ауданның электрмен жабдықтау тапшылығын азайту мәселесін шешу үшін жоспарланған жобаларды іске асыру, елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және жол желісін дамыту мәселелері бойынша жұмыстарды жандандыру болып табылады, – деп атап өтті облыс әкімі осы орайда.

Сондай-ақ, ауданның жаңа басшысына жаңа инвестициялық жобаларды пысықтау, инвесторларды тарту бойынша жұмысты ілгерілету, жұмыс істеп тұрған агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жүктемесін арттыру, Астана агломерациясын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген жобаларды тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі де ескертілді.

– Алда проблемалық мәселелерді шешу және жаңа жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Сондықтан, сізге жедел шешім қабылдау ғана емес, ең бастысы, олардың барлығын тиімді іске асыру керек, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов Достанбек Есжановқа аудан тұрғындарының игілігі үшін жүктелген барлық міндеттерді іске асыру жолында табыс тіледі.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар