Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар іргелі кәсіпорынның жұмысымен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Жастар іргелі кәсіпорынның жұмысымен танысты

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының жастар-ресурстық орталығы Көкшетау қаласындағы  солтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасқан «ENKI» ЖШС және «ENKI PLUS» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері компаниясының базасында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Облыс өнеркәсібінде алдыңғы орындардың бірін алатын озық кәсіпорында ұйымдастырылған жәрмеңке жастардың жұмысшы мамандығының қыр-сырына бойлап, еңбек қадірін сезінулеріне тағы бір баспалдақ болды.  

Біздің орталық әр тоқсан сайын ірі өнеркәсіп орындарында, қаламыздың орталық саябағында және мемлекеттік мекемелердің бірінің мәжіліс залында осындай жәрмеңкелер өткізіп отырады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің басты мақсаты жастарды жұмысқа орналастыру және олардың қызмет баспалдағымен жоғарылау мүмкіндіктеріне жол ашу болып табылады.

Жәрмеңкеде осы өндіріс орындарында қажет етілетін мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, жастарды ол мамандықтардың қадір-қасиетіне бойлату үшін экскурсия өткізілді. Аталған шараға Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжінің электр мамандығы бойынша оқып жатқан 3-4 курс студенттері, жоғары техникалық колледжінің студенттері, жастар арасынан жұмыс іздеушілер және жоғарыда аталған компания қызметкерлері қатысты.

–Бүгін біз бос жұмыс орындар жәрмеңкесін облыс орталығындағы бетке ұстар кәсіпорындардың бірінде өткіздік. Бұл өндіріс орны құрылыс индустриясына қажетті кірпіш өнімдерін шығарып, еліміз бойынша іске асырумен танымал. Жәрмеңкеге 30-дан аса студент жастар қатысты. Аталмыш бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында студенттер өндіріс жағдайы, осында еңбек ететін қызметкерлер үшін қандай артықшылықтар қарастырылатыны туралы  мәлімет алды. Сонымен бірге, жұмыс барысын өз көздерімен көріп, өндіріс орны жайында көзбе-көз біле түсті. Шараға қатысқан студент жастардың бірқатарына кәсіпорын ұнап, бос лауазымдар жайлы қызығушылықтарын танытты. Екі жаққа да пайдалы мұндай бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін алдағы уақытта тағы да өткізіп тұрамыз, –  дейді өз сөзінде облыстық  жастар ресурстық орталығының жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы Шыңғысхан Елеш.

Осы ретте, аздап кәсіпорынның тарихына үңілсек, «ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылына 60 миллион дана кірпіш өндіретін керамикалық кірпіш зауыты 2006 жылдың ақпан айында іске қосылған болатын. Кәсіпорында испаниялық «SOLINCER S.L» және «TALLERES FELIPE VERDÉS» фирмаларының технологиялық желісі орнатылған. Өндіріс үдерісі басынан аяғына дейін автоматтандырылған және компьютерлік техникамен бақыланады. «ENKI» ЖШС кірпіш зауыты Қазақстанның кірпіш өндірісінің флагманы болып табылады.

Біздің ойымызша, осындай озық кәсіпорында жұмыс істеу жастар үшін де жаман болмас еді. Сондықтан, бұл бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де зая өтпей, жастарды жұмыспен қамту мәселесінде белгілі бір өз нәтижесін береді деген үміттеміз.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар