Ақмолалықтар «Үздік» сыйлығының иегерлері

Астанада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті.

Салтанатты жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Олимпиада ойындарының, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты.

Жыл қорытындысы бойынша дзюдодан биыл Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов және пауэрлифтингтен Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтярев «Жылдың үздік спортшысы» деп танылды. Сондай-ақ, Ғалымжан Жылгелдиев пен Юрий Колесников (Ақмола облысы) – «Жылдың үздік жаттықтырушысы», Целиноград ауданының Родина ауылдық округінен Ерлан Тасболатов «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері» атағына ие болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар