Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен Гүлмира Тоқтарқызы Кәрімова Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Гүлмира Кәрімова В.И.Ульянов — Ленин атындағы Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы институтында тағылымдамадан өтуші-оқытушы болып бастаған.

1993-1999 жылдары Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының экономика, кәсіпкерліктің экономикалық теориясы кафедрасының ассистенті, С.Сәдуақасов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының педагогика, психология және философия кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

1999-2007 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға оқытушысы болды.

2007 жылдан бастап Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар