Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алты өңірде пилоттық режимде «қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды - АРҚА АЖАРЫ

Алты өңірде пилоттық режимде «қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды

📲 2024 жылы Қазақстанда FSM Social мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, қоныс аударушылар мен қандастарды жергілікті қоғамдастыққа бейімдеу және интеграциялау жөніндегі қызметтер едәуір кеңейтілді. Бұл қолданба 25 түрлі қызметті қамтиды әрі көрсетілетін көмектің нәтижесін Отбасының цифрлық картасы арқылы бақылауға болады. 12 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушылар осы қызметтерді пайдаланып үлгерді.

📱 2024 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның алты өңірінде пилоттық режимде migration.enbek.kz порталындағы мобильді қосымша арқылы «қандас» мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын ресімдеу қызметі іске қосылды.

🔷 Заңнамалық бастамалар шеңберінде қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурстан тыс тәртіппен бес жылға дейінгі мерзімге алуға құқық беретін, сондай-ақ материалдық көмекті есептеу үшін шоттардан қаражат өндіріп алуға тыйым салатын түзетулер қабылданды. Тұрғын үй сатып алу және қала тұрғындарын ауылдық жерлерге көшіруді ынталандыру үшін экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру тетігін қайта қарауға бағытталған түзетулер әзірленді.

➡️ Сондай-ақ шетелдік мамандар үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі кеңейтілді, Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін талаптар бекітілді.

⏩ Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау үшін Қатармен екіжақты келісімге қол қойылды, Қазақстанды жұмысқа орналасуға рұқсаттар жүйесіне (Employment Permit System) енгізу жөніндегі Корея Республикасымен келісім белсенді пысықталуда, Ұлыбританиямен Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум дайындалуда.

📱 @KZgovernment

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар