Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр жыл біздің өміріміздегі шағын ғана кезең, ал, оның аяқталуы – атқарған жұмыстарымызды қорытындылауға және болашаққа мақсат қоюға жақсы бір мүмкіндік болып табылады.Облысымызда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізілді. Биыл бұрын-соңды болмаған 6,6 миллион тонна астық жиналды. Инвестиция ағыны айтарлықтай артып, жаңа кәсіпорындар ашылды.Әлеуметтік сала да дамып келеді. Облыста жаңа медициналық ұйымдар мен мектептер салынды, жүздеген отбасы мемлекет тарапынан жайлы жаңа баспанаға ие болды.
Ең бастысы, биыл бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын еңсере алдық. Мұндай сынақтар ерік-жігерді шыңдап, күш-қуатты біріктіреді деп бекер айтпаған. Біз тап осындай сынақтан өттік. Оның барысында бірлескен еңбегіміздің, халқымыздың бірлігі мен бір-бірін қолдауының арқасында ешкім өзбасының қиындығымен жалғыз қалған жоқ.
Бүгінде зардап шеккендердің барлығы жаңа баспанаға ие болып, бүлінген дүние-мүлкі үшін өтемақыларын алып үлгерді. Алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін ауқымды жұмыстар атқарылды.
Құрметті жерлестер!
Әрқайсымыз Жаңа жылдың келуін жақсы үмітпен, тілектеріміздің орындалуымен байланыстырамыз. 2025 жыл тек облысымыз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан, әрбір отбасы үшін береке мен табыс жылы болсын. Баршаңызға бейбіт аспан тілеймін! Барлық игі бастамалар іске асып, әрбір үйде қуаныш болуына жазсын! Жаңа жыл құтты болсын!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді ең жарқын мерекелердің бірі – Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл – үміт пен батыл жоспарлардың уақыты. Əр келесі жылды қарсы алған сайын біз ең жағымды сезімдерді, қуаныш, үміт жəне болашаққа деген сенімді сезінеміз.
Өткен 2024 жыл əртүрлі оқиғаларға толы болды. Олардың барлығы қуанышты жəне жағымды болған жоқ. Бірақ, бірлігіміздің, өзара қолдауымыздың арқасында біз барлық қиындықтарды абыроймен жеңе білдік. Жаңа 2025 жылды біздің Ақмола облысы экономиканың көптеген салаларында зор табыстармен қарсы алуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының, жергілікті атқарушы жəне өкілетті органдардың тиімді жұмысының арқасында өңірде жаңа əлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер салынуда, өндіріс көлемінің өсуі байқалуда, шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып, əлеуметтік сала табысты дамуда.
Бұл табыста облыстың əрбір тұрғынының үлесі бар. Күнделікті еңбектеріңізбен сіздер азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауылдарымыздың, аудандарымыздың жəне қалаларымыздың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Осы жылы қол жеткізілген барлық жетістіктер жаңа жеңістер сіздерге үлкен серпін беретініне сенімдімін.
Депутаттық корпус атынан облыстың барлық тұрғындарына қолдаулары мен сенімдері жəне өңір өміріне белсенді қатысқандары үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Əділетті Қазақстанды құру жолында ең жоғары мақсаттарға бірлесіп қана қол жеткізе аламыз.
Қымбатты жерлестер!
Жаңа жылмен шын жүректен құттықтауларымды қабыл алыңыздар! Əрқайсыңызға шексіз бақыт, зор денсаулық,
амандық пен жақсылық тілеймін. Барлық армандарыңыз бен жоспарларыңыз орындала берсін! Əр жаңа күн шабыт пен қуаныш, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер əкелетін болсын!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мəслихатының төрағасы.