Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық жобаның игілігін көреді - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық жобаның игілігін көреді

Әкім – ел ішінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шортанды ауданына жұмыс сапары барысында жаңадан пайдалануға берілген Новокубанка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты.

Бұл нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Ауысымына 50 келушіні қабылдауға арналған медициналық мекеме заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл осы ауыл мен жақын маңдағы елді мекендерде тұратын екі мыңнан астам адамға жедел және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

–Бүгінгі таңда елімізде, соның ішінде біздің облысымызда да азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруға және ауылдық медицинаны дамытуға бағытталған маңызды бастамалар іске асырылуда. Бұл қадамдар медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кеңес алу мен емделу үшін аудан орталықтарына бару қажеттілігін азайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз, – деп атап өтті аймақ басшысы.

96 жастағы ауыл тұрғыны Мәкер Хабиев:

–Ауылдағы қарияларға жақын жерде медицина мекемесінің болғаны өте маңызды. Ел Президентіне қолдауы мен қамқорлығы үшін алғысымды білдіремін. Амбулатория өте жарық әрі жақсы жабдықталған, – деп өз әсерімен бөлісті.

Амбулатория осы заманғы диагностикалық және емдеу кабинеттерімен, сондай-ақ, жедел жәрдем көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мекемеде жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт, акушер, физиотерапия мамандарынан және медбикелерден тұратын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл аудандық ауруханаларға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтып, шалғай аудандардағы медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін фельдшерлік-акушерлік пунктте дәріхана да бар.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы Ақмола облысында ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында 2024 жылы ауылдық жерлерде жоспарланған 38 медициналық нысанның 28-і салынып, іске қосылды. Бұл – өңірдегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ең шалғай елді мекендерде медициналық көмекті уақытылы көрсетуге жағдай жасауға бағытталған тағы бір маңызды қадам екендігі айқын.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар