Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ежелгі де киелі жерімізде ғасырлар бойы түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл тату көршілік пен өзара сыйластық үлгісінің феномені көптеген елдердің қызығушылығын тудырса, оның негізі – біздің халқымыздың келісімі мен бірлігі.
Рождество – бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар, соның ішінде еліміздің көптеген азаматтары тойлайтын жарқын мереке. Мерекенің рухани негізі мәдени байланыстарды нығайтуда және қоғамды біріктіруде ерекше мәнге ие. Бұл мейрам рухани қуаныш пен үміт сыйлайды, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды нығайтып, дүниенің жаңаруының, ізгілік пен әділеттің салтанат құруының символы болып табылады. Сонымен қатар, бізді көмек пен қамқорлыққа мұқтаж жандарға мейірімділік пен шынайы көңіл бөлуге шақырады.
Әр адамның өмірі мен жұмысында жаңа жетістіктерге жетелейтін, жүрекке мейірімділік пен үйлесімділік сыйлайтын Рождество игілігі жылда қайталанып келе берсін дейміз.
Баршаңызға зор денсаулық, үміттердің ақталуын, бейбітшілік пен ізгілік, бақыт пен өркендеу тілеймін!
***
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Депутаттық корпус атынан Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ең көне православиелік мерекелерінің бірі – Рождество қуаныш пен үміт сыйлайды, негізгі өмірлік құндылықтар, махаббат, мейірімділік, өзара көмек, құрметті еске түсіреді. Дәл осы қасиеттер Қазақстан тұрғындарын көптеген жылдар бойы біріктіріп келеді.
Рождество күндері барлық православиелік діндарлар жақындарын қамқорлығымен және назарымен баурауға, қолдауды қажет еткен жағдайда көмектесуге тырысады. Бұл ретте, игі істер жасап, өңірдің игілігі үшін адал еңбек етіп, жерлестерімен өзінің рухани жомарттығын бөлісетіндердің бәрі үлкен алғысқа лайық.
Өйткені, біздің қоғам алдында тұрған міндеттер мен игі мақсаттар тек қана жүзі басқа, тілегі бір, ниеті ортақ адамдардың бірлескен күш-жігерімен іске асып келе жатқандығын және солай болуға тиісті екендігін уақыт өзі жақсы көрсетіп отыр.
Осы жарқын мереке күні мен барлық православиелік діндарлар мен өңір тұрғындарына зор денсаулық, мол бақыт, бейбітшілік пен өзара түсіністік, амандық, сондай-ақ, игі тілектерінің орындалуын тілеймін!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.