Notice: Function register_uninstall_hook was called incorrectly. Only a static class method or function can be used in an uninstall hook. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 3.1.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнеркәсіпті қаланың өркенді тынысы - АРҚА АЖАРЫ

Өнеркәсіпті қаланың өркенді тынысы

Әкім – ел ішінде

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласына жұмыс сапары аясында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысып, көпсалалы аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, 30 жылдан астам уақыт бойы жұмысшы кадрларды даярлап келе жатқан тау-кен техникалық колледжінде болды.

Степногорск қаласында спорт инфрақұрылымын дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Өңір басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы тек Степногорск үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін маңызды оқиға екенін баса айтты. Дене шынықтыру-сауықтыру орталығы облыстық деңгейдегі спорттық шараларды өткізу алаңына айналады деп күтілуде.

– Біз спортты балалардан қарттарға дейін қолжетімді ету үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Мұндай нысандар тек жаттығу орны ғана емес, қоғамды біріктіретін, жастарды жігерлендіретін, салауатты өмір салтын насихаттайтын алаң болып табылады. Степногорск спорттық дәстүрлерімен әйгілі, өйткені, мұнда чемпиондар тәрбиеленуі керек. Бұл кешен қаланың мақтанышына айналып, халыққа ұзақ жылдар қызмет ететініне сенімдімін, – деді аймақ басшысы.

Бас мердігер – «AN Groups» ЖШС директоры Дархан Шотабаевтың айтуынша, ауданы 2600 шаршы метрден асатын жаңа кешен екі блоктан тұрады. Біріншісінде командалық спорт түрлері – волейбол және шағын футбол ойнауға арналған көп функциялды зал бар. Екінші блокта спорт залы, дене шынықтыру-сауықтыру, күрес және бокс залдары бар. Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді ортаны құруға баса көңіл бөлінген.

Степногорск қаласы әкімінің спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Мұхтар Мәкішев дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмысының негізгі бағыты – балалар спорты екенін атап өтті. Мұнда жас боксшылар, балуандар, футболшылар, ауыр атлеттер дайындық жүргізе бастады. Жылдың жылы мезгілінде жаттығулар сыртта өтеді, онда футбол және баскетбол алаңдары мен воркаут алаңы бар. Кешкілік мұнда ересек тұрғындар жаттығу жасайды. Бір күнде дене шынықтыру кешені мыңға жуық белсенді өмір салтын ұстанатындарды қабылдайды.

Еркін күрестен жаттықтырушы Ернар Қараманов бірнеше жылдан бері жас спортшылармен жұмыс істеп келеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі күрес секциясы жүзге жуық баланы қамту арқылы тегін жұмыс істейтін болады. Боксшыларды бірінші санатты жаттықтырушы Вячеслав Бодарев жаттықтырады. Оның шәкірттерінің арасында Қазақстан чемпионаттарының жеңімпаздары мен халықаралық турнирлердің финалистері бар.

– Жағдай өте жақсы, құрал-жабдықтар жеткілікті. Біз чемпиондарды тәрбиелеп шығару үшін барынша мүмкіндіктерді пайдалануға тырысамыз, – деп атап өтті жаттықтырушылар.

– Жаңа спорт залы ұнайды, футбол алаңы ыңғайлы. Біздің команда бұған дейін Көкшетау, Астана және Қарағанды ​​қалаларында өткен жарыстарда бақ сынаған. Біз чемпион болғымыз келеді және оған тыңғылықты дайындаламыз, – деп өз әсерімен бөлісті Степногорск футболшыларының капитаны Максим Атамась.

Спорт кешенінің ашылу аясында спорттық ұжымдардың демонстрациялық қойылымдары мен кешенге саяхат жасалды. Спорттық-сауықтыру орталығы қазірдің өзінде жұртшылық үшін ашық және барлық жастағы тұрғындарды қабылдауға дайын. Салтанатты рәсімге қатысушылар жас спортшыларға сыйлықтар: волейбол добын, сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны нығайтуға екі миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Көпсалалы аурухананың жөндеу жұмыстары степногорлықтар үшін көптен күткен оқиға болатын. Мұнда операциялық бөлімше мен жансақтау бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Тоқтар Қоңырбаев мердігер компанияның ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтап, инженерлік коммуникацияларды жаңартқанын хабарлады. Жылу магистралі мен су құбырын жөндеу көктемде де жалғасады.

Ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін 246 және 24 күндізгі стационарлық төсек-орын бар. Медициналық мекемеден Степногорск қаласының және оған жақын орналасқан елді мекендердің 40 мыңнан астам тұрғыны көмек алады. Алдағы уақытта Біржан сал, Ақкөл, Бұланды және Шортанды аудандарының тұрғындарын қамтитын науқастар саны 162 мыңға жетеді деп күтілуде.

– Біз тіркелген халық санының артуына дайынбыз. Өткен жылы тері арқылы коронарлық араласу бөлімі іске қосылып, 136 ота сәтті жасалған болатын. Сонымен қатар, ангиограф, УДЗ және КТ аппараттары, лапароскоп және тағы басқа жаңа жабдықтар сатып алынды. Біз жұмысқа мамандарды тартамыз, әкімдік шақырылған дәрігерлердің баспана мәселесін шешуге көмектеседі, – деді Тоқтар Қоңырбаев.

Мейірбике кадрлары дәл сол жерде дайындалады, ғимаратта жоғары медициналық колледж кафедрасының оқу кабинеттері орналасқан. Марат Ахметжанов студенттермен әңгімелесіп, олардың кәсіби келешегі мен өңірлік денсаулық сақтау жүйесіне білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ, олардың көпшілігінің медициналық мекемелерде жұмыс тәжірибесі бар. Сондықтан олардың оқуға деген жауапкершіліктерінің жоғары екенін атап өтті.

Облыс әкімі қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасына жөндеу жұмыстарының мерзімінде және сапалы орындалуы үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

– Медициналық мекемелерді жаңғырту – жай ғана инфрақұрылымды жаңарту емес, бұл өңір тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға қосылған елеулі үлес. Бұл жобаны жүзеге асыру азаматтардың заманауи және сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша алға қойған міндеттеріне сәйкес келеді. Медицинада ұсақ-түйек деген болмайды, – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Степногорск тау-кен техникалық колледжі 30 жылдан астам уақыттан бері жұмысшыларды өндіріске дайындап келеді. 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауды ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады. Марат Ахметжанов зертханалардың жабдықталуымен танысып, оқытушылармен, магистрлермен және студенттермен әңгімелесті.

Колледж директоры Елена Тарасованың айтуынша, оқу орнында 500-ден астам студент 10 мамандық бойынша білім алуда. Олардың 40 пайызы мақсатты келісім-шарт бойынша әрі қарай жұмысқа орналасса, тағы 146-сы дуальді оқыту бойынша білім алады.

– Біздің міндет жұмыс істегісі келетін, өз ісінің пайдасын түсінетін маман даярлау. Колледж түлектерінің үштен бірі жоғары білім алады, ал, 80 пайыздан астамы еш қиындықсыз жұмыс табады. Бұл жұмысшы мамандықтарына деген дайындық пен сұраныстың жоғары деңгейін көрсетеді, – деп атап өтті Елена Викторовна.

Өндірістік жағдайға жақын зертханалық құрал-жабдықтар «Жас маман» бағдарламасы бойынша және әлеуметтік серіктестер есебінен сатып алынды. Осылайша, 2022 жылы «АК Алтыналмас» АҚ студенттерді оқыту үшін зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Бүгінде көптеген студенттер өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істей бастады. Олардың қатарында Маргарита Соколова да бар. Ол төртінші курс студенті, жылу-энергетика технигі болып жұмыс істей алады. Жұмысшы мамандығын таңдағаныңызға өкінбейсіз бе деген сұраққа ол «Мен өндірісте жұмыс істеуге қызығамын, әсіресе, оқу мен жұмысты ұштастыруға жақсы мүмкіндік бар» деп сенімді түрде жауап берді.

– Жұмысшы мамандықтары жылы нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізіліп, арнаулы жұмысшы мамандықтары үшін жеңілдіктер кеңейтіледі. Жоғары білім алғысы келетін колледж түлектеріне жеке гранттар береміз. Бізді өндірісте жұмыс істеуге дайын мамандар қызықтырады, – деп атап өтті кездесу барысында Марат Ахметжанов. Бұл биылғы атаулы жылдың бір ерекшелігі болмақшы.

Наталья ЯКОВЛЕВА,
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар