Қыс қызығы – шаңғы жолы

Салауатты өмір салты

Өткен күні облыс орталығының іргесіндегі Бұқпа тауында қыстың жарқын әрі қызықты шараларының
бірі – «Шаңғы жолы шақырады»   атты жаппай шаңғы жарысы өтті.

Жарысқа балалардан бастап ересектерге, тіпті, керемет көңіл- күйдегі әрі зор белсенділіктерін көрсеткен зейнет жасындағы адамдарға дейін қатысты.

Бұл күн тамаша спорт мерекесіне айналды, таза ауа, жаңа түскен жеңіл қар спорт мерекесінің сәнін келтірді. Көкшетау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Бұқпа тауын нағыз қысқы спорт алаңына айналдырды. Жұртшылық жиналған жерде шырқалған сазды әуендер қатысушылардың көңілін көтеріп,  шаңғы трассасының бойындағы түрлі-түсті жалаулар ерекше салтанатты аңғартып, көрген көзді қуантып тұрды.

Қатысушылардың әр санаты үшін 500 метрден 5 шақырымға дейінгі қашықтық белгіленіп, жарыс басталып кетті. Балалар жарысты бірінші болып бастап, соңдарынан өз күштеріне сенген үлкендеріміз, олардың арттарынан  зейнеткерлеріміз де бір-бірінен қалыспай келе аты. Спортты бәсекеде жеңуді емес, қатысуды басты ұран еткен жарыс бұл күні шаңғымен сырғанағандардың барлығына үлкен спорттық күш сыйлады десе де болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бәріне грамоталар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  Көптеген адамдар үшін бұл мерекеде марапаттан гөрі бірінші кезекте табиғатпен байланыс, белсенді және салауатты өмір салтына деген ұмтылыс әлдеқайда маңызды болғаны анық.

Сондықтан, «Бұқпа» тауындағы бұл кезекті дәстүрлі жарыс көпшілік көңілінен шығып, жұртшылықтың шаңғы спортына деген құштарлығын арттыра түсті деп білеміз.  Бұл күн барлығына тек спорттық  жеңіс қана емес, сонымен қатар, табиғатпен шынайы қарым-қатынастың өзі керемет қуаныш пен денсаулыққа ем екенін еске салды.

                                                Серік СӘРКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар