Серіктестік қадамдары

Ынтымақтастық

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов пен Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовтың қатысуымен Франция және Испаниядан келген жабдық жеткізушілермен кездесу болып өтті.

Кездесу барысында «BIG FARM» ЖШС құрылтайшысы Оралбай Әбуов халықаралық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық маңызды келісім-шарттарға қол қойды. Олардың ішінде испаниялық ROSAL MABRIK компаниясымен сағатына 20 тонна өнім өндіретін құрамажем зауытын салу туралы келісім, франциялық GLOBAL GRAIN SOLUTION GROUP компаниясымен сыйымдылығы 50 мың тонна элеватор салу жөніндегі келісім, испаниялық APISA компаниясынан сағатына 3 тонна жемшөпті кептіретін желіні жеткізу туралы келісім бар.

Ернар Жаркешов бұл жобаның өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, агроөнеркәсіптік сектордағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық еліміз бен аймағымыздан тұрақты дамуына ықпал ететінін жеткізді. Айта кетейік, бұл жоба сиыр етін өндіру мен қайта өңдеудің толық циклді технологиясын қамтиды. Жобаның жоспарланған ең жоғары қуаты 20 000 бас малды құрайды және ол жоба Индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар