Қоғамдық көлікте тегін жол жүреді

Әлеуметтік қорғау

Көкшетау қаласының әкімдігі зейнет жасындағы адамдарға қала бойынша автобус маршруттарында тегін жүру жөнінде анықтама беру жұмысын қолға алған болатын.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола облыстық мәслихатының тиісті шешімімен Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жоба зейнеткерлерге қажетті жерлеріне ақы төлемей, жеңілдікпен баруларына қолайлы жағдай туғызады.

Жыл басынан бері осындай 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер «Көкше Bus Tөlem» жүйесінде пайдаланылатын өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.

Бұл іске әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері мен еріктілер тартылған. Мұның өзі анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға жедел түрде беруге жол ашуда.

– Бүгін осы жерге тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Облыс, қала басшылары тарапынан бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын әрі алғысым да шексіз, – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны, зейнеткер Алма Серікова.

Осы тұрғыда кеңес алу үшін зейнет жасындағы көкшетаулықтарға

8 716 2 29-81-00 және 8 716 2 29 81 08 телефон нөмірлеріне хабарласуға немесе Шалқар көшесі, 9 А мекенжайы бойынша операциялық залдағы 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар