Әкім – іс үстінде!
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамында болды. Елдің алтын өндіру саласындағы жетекші компаниясы облыстың ең ірі салық төлеушісі болып табылады және 2000-нан астам ақмолалықты жұмыспен қамтып отыр.
«Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамы 1963 жылы ашылған Васильков алтын кені негізінде құрылған. 2006 жылдан бастап кен орны «Қазцинк» ЖШС басқаруына берілді.
Сапар барысында өңір басшысы «Қазцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботинмен және «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамы бас директоры Арман Алиевпен кездесті. Компания басшылары өндірісті кеңейту және озық инновациялық технологияларды енгізу бойынша перспективалық жоспарларын таныстырды.
Марат Ахметжанов кәсіпорынның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, белсенді әлеуметтік саясаты үшін алғысын білдірді.
– Мемлекет басшысы минералды-шикізат ресурстарын және өндірістік әлеуетті тиімді пайдаланудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Біз мұндай кәсіпорындарды қолдаймыз, өйткені, олар өңір дамуының негізі болып табылады, – деп атап өтті облыс әкімі.
«Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамы әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысады. Көкшетау қаласында компания «Алтын бала» балабақшасы мен теннис орталығын салды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы «Науан Хазірет» мешітінің құрылысына белсенді қатысты.
Облыспен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында кәсіпорын Қопа көлінің жағалауы мен жол құрылысын, Қылшақты өзенін тазарту жұмыстарын қолдап, 900 орындық жаңа мектеп салып жатыр. Қыста компания жолдарды қардан тазартуға көмектесіп, Зеренді ауданының елді мекендерін абаттандыруға қатысады.
Кәсіпорында алтын құрамды кенді қайта өңдеудің циклдық-үздіксіз технологиясы қолданылып, Доре қорытпасы өндіріледі.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.