Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адам Қытайдан арзан тұтыну тауарларын жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 миллион теңгеден астам қаражатын иемденіп кеткен.
Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде бұл азаматша көп қабатты үйлердің тұрғындары арасында WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды төмен нарықтық бағамен жарнамалауға кіріседі. Алайда, қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсауға көшеді.
«Көп асқанға бір тосқан» демекші, Қосшы қалалық сотының үкімімен кінәлі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді. Азаматтарды онлайн транзакциялар жасау кезінде мұқият болуға шақырамыз.